Мамандар Valley техникаларымен бұршақ дақылдарын суару тәсілі туралы ұсыныстар берді

Аграрлық сектордың құрғақшылық кезінде және су тапшылығы жағдайында тиімді жұмыс істеуі үшін мемлекет ылғал үнемдеу технологияларын қолдануды ұсынып отыр. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында CT AGRO (Valley ресми өкілі) компаниясы Қазақстанның 25-тен астам шаруашылықтарында Valley суару жүйелерін жеткізіп, орнатып, іске қосып берді. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

CT AGRO мамандары сапалы сервистік қызмет көрсетумен қатар, тұтынушыларға суару жүйелерін пайдалану арқылы барынша көп өнім алу туралы ұсыныстар да береді. Атап айтқанда, практикалық тәжірибеге сүйене отырып, компания фермаларда алынған нәтижелерді жүйелеп, бұршақ дақылдарын, атап айтқанда, жоңышқа және сояны суару тәсілдері бойынша бірқатар жоспарлар дайындады.

«Жоңышқа өсіру технологиясын және дақылдарды дұрыс суару әдістерін қолдана отырып, шөп пен жоңышқаның едәуір шығымдылығын арттыруға болады. Мысалы, республиканың оңтүстігінде 4-6 рет шауып, 150-200 ц/га шөп алады, оңтүстік-шығыста 3-4 шауып – 100-140 ц/га шөп, ал солтүстікте 1-2 шауып және суарусыз – 35-50 ц/га алуға болады. Аймақтағы метеорологиялық жағдайларға, өңірдің топырақ ерекшеліктеріне және жоңышқаның әрбір түрінің биологиялық құрамына байланысты түрлі аймақтардағы суару мөлшері әртүрлі яғни- 25-тен 70 мм/га дейінгі норманың орнына 6-дан 17-ге дейін өзгеруі мүмкін», - деп хабарлады компания мамандары.

Тақырыпқа байланысты оқуҚР-да жыл сайын 1000 данадай Valley техникалары шығарылатын болады

Мамандардың айтуынша, далалы аймақта қара топырақ пен құмды – сазды топырақтарда 5-7 рет суарып 45-60 мм/га құрайды. Ал құрғақ жерлерде каштан топырақтарында бірінші шабуға дейін 60-70 мм/га 2-3 рет суаруға болады, екінші рет 60-70 мм/га 3-4 суару тиімді. Үшінші шабу кезінде 50-60 мм/га үшін 2-3 суару жеткілікті, сонымен бірге ерекше құрғақ жылдары жалпы суару мөлшері 600-700 мм/га жетуі мүмкін.

Жоңышқаны 4 және 5 рет шабу кезінде келесідей әдіспен суаруға болады: бірінші және соңғы шабуда-2-4 рет суару, ал қалған шөп шабуда 20-30 мм/га алқапты-4-3 рет суаруға болады.

Жоңышқа тұқымын жинау үшін суару жылдамдығы алғашқы шабудан кейін және оларды жинауға дейін кемінде 30-40 мм/га деңгейінде сақталуы керек.

Тақырыпқа байланысты оқуАӨК-ті дамытудың ұлттық жобасында арнайы бөлім суармалы егіншілікке арналады

Сояны суару кезіндегі суару мөлшері,мөлшері мен және қанша уақыт суарылғаныны және ең алдымен топырақтың түріне байланысты, сондай-ақ ауа-райы жағдайлары мен өсімдіктің өсуіне де байланысты. Вегетациялық кезеңде соя өсіру кезінде топырақтың ылғалдылығы 70% НВ деңгейінде сақталуы керек (ең аз ылғалдылық). Әдетте, бұл жағдайда суару саны 3-4 рет, ал мөлшері 450-600 м3/га құрайды.

Құрғақ аймақтар үшін суарудың басқа схемасын қолданған дұрыс: алдымен 750 м3/га нормамен суды жіберіп, содан кейін ғана 400 м3/га нормамен 1-2 суару бүршік салу, гүлдеу және дән түзу кезеңдерінде жүйелі түрде жүзеге асырылады.

«Айта кетерлік жағдай, далалық аймақтарда тамшылатып суаратын құрылғымен жабдықталған суару машиналарын пайдалану ұсынылады. Мұндай суару әдісімен топырақтың ирригациялық эрозиясы азаяды және топырақ қыртысының пайда болуына жол берілмейді. Сондай - ақ, бұл ылғал шығынын азайтуға және инфильтрацияға 15-20% - ға азайтуға мүмкіндік береді, ал суарудың энергия сыйымдылығы 15-18% - ға төмендейді», - дейді CT AGRO мамандары.

Ескеретін жағдай, негізгі ұсыныстарды орындау дақылдардың жоғары өнімділігін алуға және Valley суару қондырғыларында жүзеге асырылған инновациялық шешімдердің артықшылықтарын толық пайдалануға мүмкіндік береді.

Бұған дейін CT AGRO Valleу жүйесімен картопты суару тәсілдерін айтқан болатын.

CT AGRO компаниясы (ctagro.com) 2000 жылы құрылған сәттен  бастап, Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын жеткізу және сервистік қызмет көрсету саласында табысты түрде қызмет жасауда. 2014 жылдан бастап CT AGRO Нидерландыдағы Royal Reesink тобына кіреді. Компанияның Қазақстанның барлық өңірлерін қамтитын 13 филиалы бар және CLAAS, HORSCH, Valley және т.б. жоғары сапалы техниканы сатып алу және оларға қызмет көрсетудің барлық түрін жасаумен айналысады.

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.