19 января 2022 Ауылшаруашылық техникалары

"ӨКМ Операторы" кәдеге жарату алымы бойынша қызметі тоқтатылды

ҚР Үкіметі "ӨКМ операторына" қатысты қаулы қабылдады, деп хабарлайды ElDala.kz ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Құжатқа сәйкес өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы болып "Жасыл даму" акционерлік қоғамы тұлғасындағы мемлекеттік ұйым айқындалды.

"Оператор РОП" ЖШС-нің кәдеге жарату алымын әкімшілендіру және тиісті құралдарға билік ету бөлігіндегі қызметі тоқтатылды. Кәдеге жарату алымы қаражаты есебінен құрылған активтер мемлекет меншігіне өтті.

Хабарланғандай, өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін әкімшілендіру функцияларын орындау мемлекеттік ұйым - "Жасыл даму" АҚ-ға берілді.

Тақырып бойынша оқу: Аграршылар кәдеге жарату алымын алып тастауды талап етуде

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтарда "ӨКМ Операторының" кәдеге жарату алымын жоюды, бұл функцияны мемлекеттік органдарға береотырып, сондай-ақ төлем мөлшерін азайтуды тапсырған болатын.