Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Спутниктік жүйені қолданған фермерлер алғашқы сақтандыру төлемдерін алды
Қазақстандық аграршылар спутниктік және ақпараттық жүйені қолдана отырып, егіс алқаптарын құрғақшылықтан сақтандырды. Бұл туралы «Ақпараттық есеп орталығы» АҚ –тың баспасөз қызметі хабарлады.
Компанияның мәліметінше, алғашқы төлемдер Шығыс Қазақстан облысында жасалды, атап айтқанда Шемонаиха, Глубокое және Бесқарағай аудандарында жүргізілді. Спутниктер бұл аудандарда ылғалдың жетіспейтін мерзімін 15 мамырдан 15 маусымға дейін болады деп анықтады. Ылғалдың жетіспеушілігі 11 мың га алқапта болады деп болжанды, ал бұл егістіктерге жасалатын төлем шамамен 125 млн теңгені (300 мың доллар) құрады.
«Бізде жалпы егістік алқаптары 22 мың гектардан асатын екі кәсіпорын бар. Біз егісті сақтандыруға 27 миллион теңге (65 мың АҚШ доллары) жұмсадық, дәл сол қаражатты, яғни 27 миллион теңге сыйақыны Үкімет Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы төледі. Біздің кәсіпорындардың жерлері Шемонаиха және Глубокое аудандарында орналасқан және маусым басталар алдында біз биыл құрғақшылықтан шығынсыз өтуге болатынын көрдік », - деді «Айтас» холдингінің агро тобының басқарушы директоры Талғат Алдажаров.
Ол өткен жылы компания топырақтағы ылғалдың жетіспеушілік жағдайларын сақтандыру тетігін зерттей бастағанын атап өтті. Фермердің айтуынша, бұл адамның қолынан келмейтін факторды жоятын қарапайым және объективті сақтандыру механизмі. Сақтандыру жағдайы туындаған кезде қосымша ақша жинауға, сақтандыру қызметкерлерін алқаптарға апарудың қажеті жоқ. Бәрі автоматты түрде Qoldau.kz порталындағы жеке кабинет арқылы жүзеге асырылады.
«Биылғы маусымның бірінші кезеңінің өзінде 85 миллион теңге (205 мың доллар) төленді. Біз екінші фазада триггерлердің жұмыстарының нәтижесін көрудеміз. Яғни, 15 маусымнан 15 шілдеге дейін топырақта ылғалдың жетіспеушілігі болады деп болжануда, ол кезде де төлем жасалынатын болады. Сақтандырудың үшінші кезеңі астық үшін 15 тамызға дейін созылады, ал майлы дақылдар үшін 15 қыркүйекке дейін болады. Ауа-райында күрт өзгеріс болмаса, елде ылғал тапшылығы болады деп ойлаймыз, триггерлер ол кезеңде де жұмыс істейтін болады», - деді фермер.
Алайда, ылғалдың болмауына қарамастан, компания әлі де егістіктерден жеткілікті дәрежеде өнім жинауды жоспарлап отырғанын айтты.
Жалпы, баспасөз қызметі хабарлағандай, топырақтағы ылғалдың жетіспеушілігінен 100 мың гектардан асатын жерге жаңа сақтандыру механизмі қолданылып, тек 82 шаруа қожалығы пайдаланғанын хабарлады. Сақтандыру сыйақысы шамамен 170 миллион теңгені құрады. Мемлекет фермерлерге елу пайыздық субсидия ретінде бірдей мөлшерде төледі.
Аталған сақтандыру механизмі туралы айта отырып, компания топырақ ылғалының мөлшеріне байланысты спутниктерден жіберілген микротолқындарды көрсетуге бейім екенін түсіндірді. Ылғалды жер мен құрғақ топырақ әртүрлі микротолқындардың мөлшерін көрсетеді. Осылайша, жүйе күн сайын топырақтың жағдайын қадағалап отырады және өз өнімін сақтандырған әрбір фермер бұл процесті Qoldau порталындағы жеке кабинетінде бақылай алады. Спутниктік деректерді көптеген еуропалық елдердегі фермерлерге қызмет түрі ретінде Vandersat голландиялық компаниясы ұсынады. Олар мәліметтерді қабылдайды және өңдейді. Қазақстандық сақтандыру компаниялары аталған сақтандыру қызметін Qoldau.kz порталы арқылы ұсынады.
Анықтап айтсақ, сақтандырудың барлық процесі онлайн режимінде жүреді. Жүйедегі жеке кабинетке кіріп, фермер егін алқаптарын көрсетеді, сақтандыру компаниясын таңдайды, сақтандыру сыйақысын төлейді, субсидия алуға өтінім береді, топырақтағы ылғалды өлшеу процесін бақылайды, ылғал тапшылығы туралы хабарлама алады, төлем үшін электронды санды қолтаңба арқылы қол қояды және сақтандыру төлемдерін компанияның шоты арқылы ала алады.
9 шілдедегі жағдай бойынша 82 сақтандыру келісімшарты жасалды, сақтандырудың жалпы сомасы 4,4 млрд. теңгені (10 млн. АҚШ доллары) құрады, сақтандыру сыйақысының жалпы сомасы 169 млн.теңге (409 мың АҚШ доллары) болды. Сақтандыру механизмі бар кәсіпорындар Қазақстанның 6 аймағына қызмет көрсетеді: Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары. Қазіргі уақытта Qoldau.kz порталы арқылы топырақтағы артық ылғалдың мөлшеріне байланысты өтініштерді қабылдауды жүзеге асыруда.
Жарғылық капиталда мемлекеттің 100% қатысуымен «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы Бірыңғай оператор ренітнде анықталады.
Ақпараттық-есептеу орталығы Qoldau.kz сандық платформасының операторы болып табылады. Мұнда агроөнеркәсіптік кешеннің субъектілері мен объектілері (жер, автомобильдер мен ауылшаруашылық техникалары, мал, жерсеріктік кескіндер, индекстер және т.б.) бойынша мәліметтер базасы құрылды, астық айналымы процестері, жанар-жағармай материалдары электронды түрде өңделді, аталған жүйе арқылы 0,5 трлн теңгеден астам субсидия берілді.