27 сентября 2023 Астық

Өңдеушілер өскен астық мәселесін шешуді ұсынды

Қазақстанның Астық одағы Сауда комитетінің басшысы Александр Маловтың бағалауы бойынша Қазақстанда бидай өнімі 12,3 млн тоннаны құрайды. Оның ішінде азық-түлік астығы (3 және 4 класс) – 8,6 млн тонна. Сонымен қатар, өткен жылдың өтпелі қалдығы тағы 3 млн тонна. Ресейден күтілетін импорт - 1,7 млн тонна.

"Біз бидайдың ішкі тұтынуын шамамен 5 миллион тоннаға бағалаймыз. Осылайша, біз биылғы маусымда бидайды орташа көпжылдық, шамамен 7 млн тонна деңгейінде экспорттай аламыз", - деді Александр Малов EURASIAN AGRIKOM халықаралық конференциясында сөйлеген сөзінде. Ол 27-28 қыркүйекте Hilton Astana қонақ үйінде өтеді.

Бұл ретте Қазақстан класқа жатпайтын бидай – өскен астықтың үлкен көлемін алады. Алдын ала бағалау - 3 млн тонна. Алайда, сарапшылар бұл астық талап етілмейтін болып қалады деп санамайды. Қазақстанның астық өңдеушілер одағының өкілі Мұқан Әбдиевтің айтуынша, бұл астықты жемшөп ұнына өңдеу бойынша шешімдер бар. Оған Қытай тарапынан қәзірдің өзінде сұраныс бар. Бұл өнімді түйіршіктеуге және мал азығы ретінде пайдалануға болады. Бұл өнім 100% өнім береді және бағасы жеткілікті қызықты.

"Қытай, түрік жабдықтары бар, олар қолжетімді, орнату үш айға созылады. Сондықтан шикізат бар, нарық бар, жұмыс істеу керек. Биылғы маусымда біз үшін көптеген сын–қатерлер бар, бірақ сын-қатерлер әрқашан жаман бола бермейді, олар дамуға мүмкіндік береді", - деді Мұқан Әбдиев.

Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанның 14 кәсіпорны Қытайға жемдік ұн жеткізушілер тізіліміне енгізілген. Оның бағалауы бойынша, ағымдағы маусымда экспорт 240 мың тоннадан асады.