«Зенченко и К» КС Қазақстандағы бидай тұқымының ірі сатушысы болды
Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2 ақпандағы мәліметі бойынша Қазақстанның егіс шаруашылығын жүргізу үшін 69,2 мың тонна тұқым, оның ішінде 41,9 мың тонна жұмсақ жаздық бидай тұқымы ұсынылады. Қазіргі уақытта бидай тұқымының ірі сатушысы - «Зенченко и К» КС (СҚО), ол 7 мың тонна ұсынады. Сонымен қатар, компания тұқымға 2,5 мың тонна арпа сатады.
Бидай тұқымының үлкен көлемін ауылшаруашылық тәжірибе станциялары да ұсынады. Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан АШТС-те сатуға 6 732 тонна бидай тұқымы, Қарабалықта – 6 мың тонна, Қарағандыда – 2540 тонна бар.
Шығыс Қазақстан облысында бидай тұқымының ең көп көлемін «Семена масличных» ШҚ – 2 мың тонна, «Милейко» ЖШС – 1 350 тонна және EVS Group – 1 290 тонна ұсынады.
СҚО-да: «Тұқым» ЖШС - 1 400 тонна, «Атамекен Агро» ЖШС – 1 260 тонна, «Атамекен Агро Тимирязево» ЖШС – 3 мың тонна.
Тұқымның үлкен көлемін «Родина» агрофирмасында (Ақмола облысы) – 5 115 тонна және «Шахтерское» ЖШС (Қарағанды облысы) – 1 300 тонна сатып алуға болады,
Айта кетейік, Қазақстанда элита класындағы бидай тұқымының бағасы тоннасына 200 мыңнан 250 мың теңгеге дейін құрайды.
АШМ мәліметтері бойынша күнбағыс тұқымы 600 тонна көлемінде ұсынылады. Оларды «Семена масличных» шаруа қожалығынан сатып алуға болады.
Арпа тұқымын сатуда 13 250 тонна, оның ішінде: «Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы» ЖШС – 3 822 тонна, «Зенченко и К» КС – 2 500 тонна, «Быструха Астана» ЖШС – 1 700 тонна, «Шахтерское» ЖШС – 1 200 тонна, «Атамекен Агро» ЖШС – 900 тонна тонна, Қарабалық АШТС – 700 тонна, «Семена масличных» ШҚ және «Тұқым» ЖШС – 600 тоннадан.
Бүгінгі таңда компания жүгері тұқымын 1 800 тонна, күріш – 2 100 тонна, қарақұмық - 1 135 тонна, бұршақ – 2 245 тонна, зығыр – 1 409 тонна, картоп – 3 мың тонна көлемінде сатады.
Естеріңізге сала кетейік: сапалы тұқымның болуы биылғы егіске дайындық кезіндегі басты мәселелердің бірі болып табылады. «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Ербол Есенеев бұған дейін Үкіметке дақылдар мен өңірлер бөлінісінде тұқымдардың болуы бойынша ашық деректер қорын құру, сондай-ақ осы маусымда тұқым сатып алуды субсидиялау тәртібін қайта қарау туралы ұсыныс жасаған болатын.
Сонымен бірге Азық-түлік корпорациясы тұқымға тауарлық бидайды сату туралы жариялады. Барлығы осы мақсаттарға 400 мың тонна бағыттау жоспарлануда, бағасы сапасына қарай тоннасына 135-150 мың теңгені құрайды.