Қостанай облысының фермерлері бидайдың сапасына риза
Қазақстанда биыл астықтың жоғары өнімділігі күтілуде, бірақ вегетациялық кезеңнің аяғында және егін жинау кезеңінде мол жаңбыр оның сапасына кері әсерін тигізді. Ұн тартатын сапалы бидай аз болғандықтан, оның бағасы жемдік немесе санаттан тыс бидайдан әлдеқайда жоғары болады. Дәл осындай астықты қазір Қостанай облысының фермерлері жинап жатыр.
ElDala.kz командасы АгроКеруен Егін 2024 кезінде Қостанай облысында 9 мың гектардан астам жерді өңдейтін «Белозерка 2030» ЖШС барды. Шаруашылықта алқаптардың көп бөлігінде бидай егілді.
Шаруашылықтағы егіннің алғашқы нәтижелері кеш себуге қарамастан жақсы нәтиже көрсетті.
«Көктем қиын болды – топырақта ылғалдың көп болғаны сонша, егістікке кіре алмадық. Егіс мерзімі ауысты, біз бидай себуді мамыр айының соңына қарай бастадық. Оны маусымның 13-не дейін септік», - дейді «Белозерка 2030» ЖШС бас агрономы Никита Шабалин.
Жаңбыр жазда көп болды, әсіресе тамызда жиі жауды. Бірақ қыркүйектің басында Қостанай облысында жауын-шашын тоқтап, фермерлер алқаптарға шыға алды. Ал Ақмола немесе Солтүстік Қазақстан облыстарында аграрийлер 10 қыркүйектен кейін ғана егін жинауға кірісе алды.
«Белозерка 2030»-да бірінші алқаптарда бидай өнімділігі гектардан 20 ц-ден жоғары болды. Топырақ сапасы төмен және жауын-шашын әдетте өте аз болатын бұл аймақ үшін бұл жақсы нәтиже. Натурасы - 715, барлық басқа көрсеткіштер де жақсы.
Толығырақ: Қостанай облысында бидайдың үздік сапасы күтілуде
Естеріңізге сала кетейік, АгроКеруен Егін 2024 жобасы серіктестері - "ФосАгро-Регион" және "Эридон Қазақстан" компанияларының қолдауымен өтуде.