Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Қазақстанда 23 млн тоннаға жуық астық бастырылды
Бүгінгі таңда Қазақстанда негізгі дәнді дақылдар бойынша 15 млн гектардан астам дәнді және бұршақты дақылдар жиналды. Орташа өнімділігі гектардан 15 ц болған кезде 22,7 млн тоннаға жуық астық бастырылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бидай 12,1 млн га алқапқа жиналды, өнімділігі гектардан 14,3 ц болған кезде 17,3 млн тонна бастырылды, арпа – 2 млн га, өнімділігі гектардан 17,1 ц 3,4 млн тонна, сұлы – 166,7 мың га, өнімділігі гектардан 16 ц 266,4 мың тонна бастырылды.
Майлы дақылдар орташа өнімділігі гектардан 11,3 ц болан кезде 748,1 мың га алқаптан жиналды, 842,3 мың тонна бастырылды.
108,4 мың гектар алқаптан өнімділігі гектардан 232,7 ц болған кезінде шамамен 2,5 млн тонна картоп жиналды, көкөніс дақылдары 105,3 мың алқаптан өнімділігі гектардан 259,3 ц болған кезінде 2,7 млн тоннадан астам жиналды.
Бақша дақылдары 97,8 мың га алқаптан жиналды, өнімділігі гектардан 264,5 ц, жалпы алым 2,5 млн тоннадан асты.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, егін жинау науқанына 149,9 мың трактор, 37,6 мың астық жинайтын комбайн, 14,9 мың дестелегіш және 195 мың басқа техника жұмылдырылған.
Естеріңізге сала кетейік, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 580 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдармен салыстырғанда үш есе көп.