09:10 Астық

Азық-түлік корпорациясы наурыз айында форвардтық сатып алуды жариялайды

Ағымдағы жылы аграрийлерді форвардтық қаржыландыруды бастау наурыз айында жоспарлануда. Елімізде жүргізіліп жатқан дақылдарды әртараптандыруды ескере отырып, Азық-түлік корпорациясы бағдарлама шеңберінде майлы дақылдарды өндірушілерді қаржыландыруды ұлғайтады, деп Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ішкі және сыртқы нарықтарда талап етілетін майлы дақылдар өндірісін несиелеуге шектеулерді ұлғайту жоспарлануда. Қаражатты бөлу тетігінің ашықтығын арттыру үшін алғаш рет аграрийлерден өтінімдерді электрондық режимде қабылдау сынақтан өткізілетін болады, деп Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен кеңесте Азық-түлік корпорациясының басқарма төрағасы Асылхан Джувашев хабарлады.

2024 жылы негізгі астық егетін өңірлерде 42,3 млрд теңге сомаға 324 шаруашылық форвардтық қаржыландыруды алды. Форвардтық несиелерді қайтару деңгейі орта есеппен үш жыл ішінде 94% құрады.

Сонымен қатар, 2024 жылы Азық-түлік корпорациясы фермерлерге тұқым ретінде пайдалану үшін төлемді кейінге қалдырып, 39 мың тонна азықтық астықты сатты. Бұл көлем Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында шамамен 400 мың га алқапта егіс науқанын қамтамасыз ету үшін жеткілікті болды

Асылхан Джувашев астық экспорты туралы да айтты. Өткен жылы Азық-түлік корпорациясы жалпы сомасы 62,6 млрд теңгеге 621 мың тонна астық сатуға арналған шарттарға қол қойды.

2025 жылы Ұлттық компания экспорттық бағыттарды кеңейту жұмысын жалғастырады. Бұдан басқа, Азық-түлік корпорациясы үш жақты экспорттық келісімшарттар жасасу кезінде агент ретінде әрекет ететін шағын және орта фермерлерден астықтың экспорттық партияларын шоғырландыру жобасы кеңейтілетін болады. Бұл фермерлер үшін өнімді тұрақты өткізуге және халықаралық нарықтарға қол жеткізуге кепілдік бере отырып, неғұрлым қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Корпорация логистика, қажетті құжаттарды рәсімдеу және сапаны бақылау бойынша қызметті өзіне алады, бұл мәміленің барлық қатысушылары үшін тәуекелдерді азайтады.