16:30 Астық

Қытай Қазақстаннан астық жүктерін қабылдауды ұлғайтады

Қазақстандық делегация Үрімші және Қытай теміржол әкімшіліктерінің өкілдерімен келіссөздер жүргізу үшін Қытайдың - Қорғас және Алашанькоу шекара маңындағы станцияларында болды. Делегацияны ҚР көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов басқарды, оның құрамына ҚР ҚМ су және теміржол көлігі комитетінің төрағасы Нұржан Келбуғанов, ҚТЖ операциялық қызметі жөніндегі басқарушы директоры Владимир Петров, KazGrain қауымдастығы төралқасының төрағасы Қанат Көбесов және Қазақстанның Астық одағының өкілдері кірді.

Тараптар Қытай тарапындағы терминалдардың үлкен әлеуетін атап өтіп, сәуір айынан бастап ҚХР-ға астық жүктерінің барлық түрлерін (зығыр, арпа, бидай) әртүрлі типтегі вагондармен - астық тасығыштармен, контейнерлермен, жабық вагондармен жеткізуді ұлғайту туралы уағдаласты. Әрі қарай, егжей-тегжейлерді талқылаумен байланысты жалғастыру жоспарлануда.

Айта кетейік, Қазақстанда ҚХР-ға астық жүктері экспортының жыл сайынғы өсу қарқыны байқалады.