Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Қытай Алашанькоу станциясында вагондарды тиеуді тоқтатады
09 декабря 2020
Қытай шекарасындағы темір жолда вагондардың көп жиналуына байланысты 8- желтоқсан 18-00 –ден 13- желтоқсанға дейін - Алашанькоу станциясында пойыздарды тиеу тоқтатылды деген бұйрық шығарылды.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров еліміздің теміржолшыларымен кездесуінде хабарлады.
Еске салсақ, «КТЖ-Жүк тасымалы» компаниясы Қытаймен шекаралас стансаларда тұрған вагондарды өткізуге күш салуда. 12 мыңға жуық вагон жиналып тұр, оның 1500-ден астамында - 100 мың тоннаға жуық ауыл шаруашылық өнімдері (бидай, арпа, майлы дақылдар, ұн) тиелген.
Қытай теміржолшыларының жаңа тәртібі жағдайды одан әрі күрделендіре түсуде, KTЖ-Жүк тасымалы басшылығының жасаған бар күш-жігерін жоққа шығаруда.