ҚР-да егістікті құрғақшылықтан сақтандырудың мерзімі ұзартылды
Егістікті құрғақшылықтан сақтандыру үшін өтінім қабылдау мерзімі 30 сәуірге дейін ұзартылды. Осы мәселеге қатысты фермерлер атынан Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры мерзімді кейінге ұзартуды ұсынды. Осындай бастаманы бірнеше қазақстандық сақтандыру компаниялары да көтерді. Бұл туралы Қазақстанның ауыл шаруашылық сақтандыру қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады.
Осы жағдайға байланысты халықаралық серіктестер - қайта сақтандыру компаниялары Swiss Re, Hannover Re және Munich Re келіссөздер барысында келіскеннен кейін сақтандыру мерзімі ұзартылды, деп атап өтті Қауымдастық.
Өткен жылы құрғақшылықтан зардап шеккен қазақстандық аграршыларға 535 млн теңге сақтандыру төлемі төленді. Сонымен қатар, бүкіл сақтандыру процесі Qoldau.kz атты Қазақстан фермерлерінің цифрлық платформасындағы Агро сақтандыру қызметі арқылы онлайн режимінде жасалады.
Бұған дейін фермерлер өтінішті 15 сәуірге дейін беріп, егіндерін құрғақшылықтан сақтандыруы мүмкін еді. Ал енді көптеген фермерлердің өтініштерінен кейін мерзім ұзартылатын болды.
16 сәуірдегі Qoldau.kz платформасының мәліметтері бойынша, сақтандыру көлемі шамамен 95 мың га құрайды. Жалпы фермерлер сақтандыруға 125 млн теңге жұмсаған. Сақтандыру сыйлықақыларынан тағы 80 млн теңге - мемлекеттен субсидия бөледі.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстанда жаз құрғақ болады деген болжам айтылуда
Qoldau.kz платформасындаға сілтеме арқылы өз егістік алқаптарыңызды сақтандыруларыңызға болады. Онда сақтандыру процесі туралы жазбалар мен бейне нұсқаулар бар. Егер сұрақтарыңыз болса, Телеграмдағы чатқа (https://t.me/agroinsurance) хабарласа аласыздар.