ҚР-да күздік дақылдарды сақтандыруды субсидиялау жоспарлануда
Қазақстанда күздік дақылдарды топырақтағы ылғалдың жетіспеушілігінен сақтандыру шаралары іске қосылды. Қазіргі уақытта сақтандыру сыйлықақысының 50% -ын субсидиялау мәселесі қаралуда. Бұл туралы Аграрлық сақтандыру қауымдастығынан хабарлады.
Аталған жұмысты аграрлық сақтандыру саласындағы оператор болып табылатын Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры қарастыруда. Сақтандырудың бұл түрi бекiтiлген жағдайда Қор оны субсидиялауды бастайды.
Аграрлық сақтандыру қауымдастығының төрағасы Серік Ыбыраев мәлімдегендей, күздік өнімдерді сақтандыруда жаздық өсімдіктер кезең-кезеңге бөлінген. Тек жыл мезгілдері ғана ерекшеленеді. Мұнда 1-ші кезең: 15 қыркүйектен 30 қазанға дейін, 2-ші фаза - 1 сәуірден 14 мамырға дейін және 3-ші фаза - 15 мамырдан 30 маусымға дейін. Гектарға жұмсалатын шығындар нормативі шамамен 40 мың теңгені (шамамен $95) құрайды. Еліміздің әрбір өңірі үшін өз шығындар нормативі белгіленген. Сақтандыру тарифі сақтандыру сомасының 4,8% -ын құрайды.
Тақырыпқа байланысты оқу: Егістікті құрғақшылықтан сақтаған «Шаңырақ» компаниясы 158 млн теңге қаражат алады
Жалпы топырақтағы ылғалды индекстік сақтандыру екі жыл бұрын басталған. Барлық сақтандыру процесі, егіс мониторингі арқылы жүзеге асырылады, сондай-ақ сақтандыру жағдайының басталуын тіркеу және төлемдер комиссиялардың қатысуынсыз онлайн түрде өтеді. Топырақтағы ылғалдың көлемі спутниктік мониторингтің көмегімен және тәуелсіз голландиялық компания VanderSat талдауымен анықталады.
Қауымдастықтың мәліметінше, биыл құрғақшылықтан 144 мың га астам егістік сақтандырылған. Бүгінгі таңда сақтандыру компаниялары құрғақшылықтан зардап шеккен фермерлерге 720 млн теңгеден астап ақша төлейді ($1,7 млн).