Тірі малды әкетуге квоталар алты айға ұзартылды
Сыртқы сауда саясаты мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия тірі ірі қара малды, қой мен ешкіні әкетуге квоталардың қолданылуын тағы алты айға ұзартты. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аналық мал басын қоспағанда, малды әкетуге квоталар 2022 жылғы 31 желтоқсаннан 2023 жылғы 1 наурызға дейін қолданылады. Осы кезеңде 60 мыңнан аспайтын бұқа мен 120 мың қой экспортталуы мүмкін.
Жаңа шешімді ескере отырып, экспортқа квоталар тамыз айының соңына дейін қолданылады. Квоталау көлемі туралы хабарланбайды, Ауыл шаруашылығы министрлігі тиісті бұйрық қабылдауы тиіс.
Бұдан басқа, ВАК-тың өткен отырысында ірі қара малдың терісіне экспорттық кедендік бажды тоннасына 200-ден 100 еуроға дейін төмендету, ұсақ малдың терісіне экспорттық кедендік баждарды ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін жою туралы шешім қабылданды.
Сондай-ақ, 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүнді әкетуге арналған экспорттық кедендік баждың нөлдік мөлшерлемесінің қолданылу мерзімі ұзартылды.