Ауылдардағы мал басы бойынша статистикалық деректермен сәйкессіздіктер 30-70%-ды құрады
Үкімет ауыл шаруашылығы жануарларын шаруашылық бойынша есепке алудың электрондық жүйесінде деректерді өзектендіру бойынша жұмыстың аралық қорытындыларын талқылады. Тексеру барысында ресми статистикамен айтарлықтай сәйкессіздіктер анықталды, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі.
Мал мен құс басы бойынша ақпаратты алдын ала талдау әкімдіктердің деректер бойынша жұмысының төмен тиімділігін көрсетеді. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, кейбір өңірлерде деректерді бұрмалау тәжірибесі бар. Жақында ғана ветеринарлық инспекторлар екі облыстың жекелеген ауылдарын аралап, электрондық жүйедегі ақпараттың 30-70% малдың нақты санымен сәйкессіздіктерді анықтады.
Республикалық ІҚМ сүт және аралас тұқымдар палатасының атқарушы директоры Азамат Сағынбаев атап өткендей, Қазақстанда шамамен 2,2-2,5 млн литр сүт өндіріледі, ал ресми статистика деректері бойынша 2023 жылы елімізде жалпы сүт көлемі 6,3 млн тоннаны құрады.
«Шаруашылық бойынша есепке алу деректерін сапалы өзектендіру қажет. Бұл мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы бойынша статистиканы қалыптастырудың негізгі ақпарат көзі. Оларсыз ауыл шаруашылығын тиімді жоспарлау және дамыту мүмкін емес. Ауыл шаруашылығы министрлігіне әрбір өңірмен және аудан әкімдерімен шаруашылық бойынша есепке алу деректерін дұрыс толтыру мәселесін пысықтауды тапсырамын. Әкімдіктер қысқа мерзімде электрондық есепке алу жүйелеріндегі деректерді өзектендіруі қажет», — деді отырыста вице-премьер Серік Жұманғарин.