АҚШ Қазақстанға ветеринарларды ынтымақтастықта оқытуды ұсынды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен АҚШ-тың уәкілетті органы телеконференция өткізіп, мал шаруашылығындағы биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша ынтымақтастықты талқылады. Бұл туралы Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігінде хабарлады.

АШМ-ның мәліметінше, америкалық тарап «Биологиялық қауіпті азайту бағдарламасы» аясында ынтымақтастық шараларын ұсынды. Аталған жұмыс барысында қауіпті ауруларды анықтауды және диагностикалауды жақсарту үшін ветеринарлық мамандарды оқытуды қарастырады.

Сондай-ақ, екі тарап ветеринариялық бейіндегі оқу бағдарламаларын және кәсіби лицензиялау жүйелерін дайындауды, тұрақты даму бойынша семинарлар өткізуді, аса қауіпті патогендер тудыратын ауруларды анықтау және емдеу бойынша оқу материалдарын жаңарту мен таратуды, білім алмасу жағдайын талқылады.

«Сонымен қатар, АҚШ - тың уәкілетті органы қазақстандық мал өсірушілерді озық технология бойынша даярлауға және ДДҰ/ХЭБ/ФАО-мен үшжақты ынтымақтастық негізінде аса қауіпті патогендерді анықтау, диагностикалау және ұйымдастыру үшін «баршаға бірдей денсаулық» атты ұлттық құрылым әзірлеуге және институционализациялауға көмектесуге  дайын», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.