Ауыл шаруашылығы министрлігі бұқашықтарды әкетуге тыйым салу туралы бұйрықтың жобасын дайындады
Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі үш ай мерзімге бұқашықтарды экспорттауға тыйым салу туралы бұйрықтың жобасын дайындады. Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды.
Тыйым салу туралы шешім 25 сәуірде Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданды.
АШМ түсіндіргендей, тыйым малды жаппай әкетуді болдырмау, сондай-ақ отандық қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктемесін қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, ВАК сиыр етінің бағасының күрт өсуіне байланысты ІҚМ экспортына үш айға толық тыйым салу туралы жаңа шешім қабылдады. Жыл басынан бері бағалар 11,9%-ға өсті. Сонымен қатар, 30 сәуірден бастап Қазақстанда бұқашықтарды әкетуге 60 мың бас мөлшерінде жаңа квоталар қолданыла бастады. Квоталар алты ай мерзімге енгізілді.