Солтүстік Қазақстанда 400 басқа арналған сүт фермасы іске қосылды
Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында 400 басқа арналған «Агротехника-Жамбыл» ЖШС-ның тауарлы-сүт фермасы іске қосылды. Жобаға 2,6 млрд теңге инвестицияланды, деп «Солтүстік» ӘКК хабарлады.
ӘКК малды және жабдықты сатып алуға 800 млн теңге көлемінде ТСФ-на несие берді. Бүгінгі таңда жобаның бірінші кезеңі іске қосылды.
«Барлық ғимараттар, соның ішінде 400 басқа арналған қора, бұзау қорасы бар босану бөлімі, сауу-сүт блогы, жемшөп цехы, сүрлем шұңқырлары және қажетті қосалқы қора-жайлар салынды. Сауу жабдықтары Грецияда Milkplan S.A.-дан сатып алынды, 2×18 параллель жүйесі. 195 бас голштин сиырларының алғашқы партиясы қазан айының соңында Даниядан әкелінді. Қажетті мөлшерде жем (пішен және сүрлем) дайындалды. Бізде ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы ауданы 27 мың га, оның ішінде 18 мың га егіс алқабы бар. «Солтүстік» ӘКК арқылы қаржыландырылды. Жергілікті атқарушы органдар да айтарлықтай қолдау көрсетеді. 2026 жылы «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша ферманы сумен қамтамасыз ету жобасын қаржыландыруды күтеміз, — деді «Агротехника-Жамбыл» ЖШС басшысы Олег Григорьев.
Толық қуатқа шыққан кезде ТСФ 3 мың тоннадан сүт өндіретін болады. Оны жергілікті сүт өңдеу зауыттарына сату жоспарлануда.
Биылғы жылы «Солтүстік» ӘКК ферманы 800 басқа дейін кеңейту үшін тағы 600 млн теңгеге несие беруді мақұлдады. Бұл қаражатқа 400 басқа арналған екінші қора, қосымша сүрлем шұңқырлары салынып, жабдықтар мен 100-ге жуық голштин тұқымы сатып алынады. ЖШС өз қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы техникасының паркін кеңейтеді. Екінші кезең 2026 жылдың маусым айында аяқталады деп жоспарлануда.
«Агротехника-Жамбыл» ЖШС 2004 жылдан бастап өсімдік шаруашылығымен айналысады, ал 2015 жылы етті мал шаруашылығын дамытуды бастады: ангус тұқымды мал өсіріледі.