Шығыс Қазақстан облысы балық экспорты бойынша көшбасшы болмақшы

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов форель өсіретін екі шаруашылықта болды. Әкім Instagram бетінде фермерлердің жоспарлары мен облыстағы аталған саланы дамыту перспективалары туралы жазды.

Д.Ахметовтің хабарлауынша, шаруа қожалықтары жақын уақыттан бері форель өсірумен айналысқан. Бірақ қазірдің өзінде бұл бизнестің келешегі зор екендігі анық.

«Менің ойымша, біздің тұрғындар осы шаруашылықтарда өсірілген форельді пайдаланып көрді. Бұл экологиялық таза өнім. Шаруа қожалықтары өз жұмыстарында қазақстанда шығарылған азықтарды, өнімдерді қолданатыны қуанышты. Мұндағы балықтар халықаралық тәжірибеге сәйкес өсіріледі», - деп жазды Даниал Ахметов.

Әкімнің айтуынша, облыс 2030 жылға дейін балық көлемін 4 мың тоннаға жеткізбек. Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша Шығыс Қазақстан облысында субсидия беру, жер телімдерін бөлу, инфрақұрылым салу және басқа да мемлекеттік қолдау шаралары бойынша нақты шаралар жасалып, балық шаруашылығын дамытудың аймақтық бағдарламасы құрастырылған.

«Осындай қолдау шаралары балық бизнесімен айналысудың пайдасы көп екендігін көрсетеді және көптеген шаруашылықтарға балық өсірумен айналысуға мүмкіндік береді. Біздің облыста бұл үшін барлық қажетті табиғи-климаттық жағдайлар жасалған.Болашақта біздің облыс балық экспорты бойынша көшбасшылардың біріне айналатынына сенімдімін», - деді әкім.

 Тақырыпқа байланысты оқуҚР-да жыл соңына дейін акваөнімдерді дамытуға қатысты заңға түзетулер енгізіледі

Балық өнімдері адам денсаулығы үшін маңызды тағамдардың бірі екенін атап өтті. Форель өсіретін шаруашылықтар балықты табиғиға жағдайда өсіреді, бұл өнімнің диеталық және дәмдік қасиеттеріне жақсы әсер етеді.

«Көп нәрсе форельдің қандай суда тіршілік ететініне байланысты. Егер балық батпақты аймақта немесе тоғанда болса, оның етінің дәмі дұрыс болмайды. Уылдырықтың сапасы ең алдымен балықтың сапасына, ал балықтың сапасы жемге және оның жүретін жеріне байланысты болады: температураға, оттегіге, судың сапасына байланысты. Яғни, ол үшін таза, мөлдір, оттегіге бай табиғи су қоймаларын таңдау керек», - дейді шаруа қожалықтарының басшылары.

Даниал Ахметовтың айтуынша, қазір Шығыс Қазақстан облысында 360 тоннаға жуық балық өсіріледі. Екі форель зауытының даму жоспары бойынша және осы саланы  мемлекеттік қолдаудың арқасында 10 жылда облыста балық өндірісі 3600 - 4000 тоннаға дейін арттыру көзделген.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.