Қазақстандағы мал ұрлығы мал шаруашылығының дамуын тежеуде
Мал ұрлығы Қазақстанда мал шаруашылығының дамуына және ет өндірісінің артуына кедергі келтіретін басты факторлардың бірі болып отыр. Аталған жағдайда жазаны қатаңдату бұл мәселені шешпейді. Сондықтан да «Атамекен» Ұлттық Палатасы агробизнеске барымташыларға қарсы күреске қатысты өз ұсыныстарын айтуды ұсынады.
«Біздің негізгі міндетіміз - мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттыру. Бұған қандай кедергілер бар? Неліктен ауыл халқы мал өсіруге қызығушылық танытпауда? Мұның себебі -елдегі мал ұрлығы! Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, соңғы үш жылда 19 мыңнан астам мал ұрлығы жасалып, 60 мыңнан астам мал ұрланған», - деп жазды Facebook - те «Атамекен» ҰКП АӨК және тамақ өнеркәсібі департаментінің директоры-Басқарушы директор Ербол Есенеев.
Оның айтуынша жақында Қазақстанда мал барымтасы үшін жаза күшейтілген. Енді мал ұрлығы үшін 3 мың АЕК-ке дейін (8,3 млн теңгеге дейін) айыппұл салынады немесе мүлік тәркіленеді, 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған. Бұған дейін мұндай ұрлық фактісі бойынша 1 мың АЕК-ке дейін (2,6 млн теңгеге дейін) айыппұл салынған немесе 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған болатын.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстанда электронды төлқұжат енгізіледі
Сарапшылардың пікірінше, жазаны қатаңдату шарасы мал ұрлығынан құтқара алмайды.
«Мәселені жан-жақты қарастырып, бақылауды күшейтіп, барлық малдарды есепке алу арқылы жағдайды шешу керек. Жергілікті жерлерде фермерлер барлық әдістерді қолданады: құлақ тегтері, таңбалау, GPS сенсорларын пайдаланады. Мүмкіндігі бар жандар тіпті жайылымдарын қоршаулармен қоршайды. Бірақ бұлай мәселе шешілмейді. Мал ұрлығы одан әрі жалғасуда», - деді Ербол Есенеев.
Сондықтан олар фермерлерді, салалық қауымдастықтарды және агрономдарды өз ұсыныстарын жазып, беруге шақырды.