Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Сенатор үкіметті құс өсірушілерді қолдауға шақырды
Қазақстанда жем, дәрумендер, асыл тұқымды мал және басқа да өнімдер бағасының қымбаттауына байланысты құс өсіру шаруашылығы қиын жағдайда қалып отыр. Соның салдарынан елде ет пен жұмыртқа бағасы өсіп, кейбір құс фабрикалары жабылып жатыр. Ааталған саланы қолдау үшін Парламент Сенатының депутаты Сұлтан Дюсембинов мемлекеттік қолдау шараларын артыруды ұсынды.
«Соңғы уақытта тауық жұмыртқасы мен құс етінің бағасы өсіп келеді. Мұның бірнеше себебі бар. Атап айтсақ, асыл тұқымды үй құстардын өсіру үшін оларды шетелден алып, импорттауға тура келеді. Сондай-ақ, құс өсірушілер шетелден кәсіпорындарға қажетті құрал-жабдықтар, дәрумендер мен арнайы жем әкелуге мәжбүр. Біздің елімізде құс өсіругеқажетті жемшөптен тек астық пен шөптен басқа ештеңе шығарылмайды деп айта аламыз», - деді Сұлтан Дюсембинов Қазақстан Республикасы Премьер-Министріне жолдаған депутаттық сауаында.
Тақырыпқа байланысты оқу: Жұмыртқа бағасы жарты жылда 2 есеге дейін қымбаттады
Сенатордың айтуынша Қазақстанда жем бағасы 1,5-2 есеге дейін өскен.
Өнім құнының одан әрі өсуіне жол бермеу және бағаның өсуін тежеу үшін депутат саланы мемлекеттік қолдау шараларын кеңейту қажет деп санайды. Атап айтқанда, ол құс өсірушілер үшін бес жылдық несик демалысын ұйымдастыруды, сақтандыру сыйақыларына және асыл тұқымды құстарды сатып алуға субсидия беруді ұсынды.
Сондай-ақ, депутаттың хабарлауынша, Қазақстан Республикасында жем-шөп қорын жасау, әкімшілік кедергілерді жою және нарықты әділетсіз бәсекеден қорғау қажет.
Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасында жұмыртқа бағасының жоғары екенін мәлімдеген болатын. Сонымен қатар, департамент бағалардың келісіліп жасалуы мүмкін екендігін жоққа шығармады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі тиісті тексеру жасайтын болады.
«Біз оның себептерін анықтаймыз. Агенттікке қояр сұрақтарымыз да бар, олар кешенді тексеруден өтіп жатыр. Жергілікті атқарушы органдар елді мекендерді қадағалайтын болады. Жағдайдың себептерін анықтау, пысықтау және тұрақтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деп мәлімдеді «Хабар 24» арнасына Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроазық-түлік нарықтары, органикалық өнімдер және техникалық реттеу департаментінің директоры Зейнулла Шаріпов.