Жылқы шаруашылығы етті және асыл тұқымды мал шаруашылығында көшбасшы болып тұр, дейді сарапшылар

Жылқы малы соңғы бес жылда 45,8% -ға артып, ет және асыл тұқымды мал шаруашылығында көшбасшы болып тұр, дейді  Қазақстан ет одағының директоры  Мақсұт Бақтыбаев. Бұл туралы  Kursiv.kz жазды.

Жылқы шаруашылығымен айналысу-кез-келген инвестордың арманы, деді Мақсұт Бақтыбаев. Бұл салаға мал шаруашылығының басқа салаларымен салыстырғанда ақша аз салынады, бірақ түсетін пайда көбірек. Сиыр еті мен қой етіне қарағанда бағасы қымбат болғанымен, үнемі сұраныс бар

Мысалы айтар болсақ, 2019 жылдың қараша айында Қазақстанда сиыр етінің орташа бағасы- 1,5 мың теңгеден-2,1 мың теңгеге дейін болды, ал қой еті 1,3 мың теңгеден-2,1 мың теңгеге дейін болды. Жылқы етінің бағасы 1,7 -2,5 мың теңге аралығында болды, өз құны 300-400 теңге болады деді Ет одағының өкілі.

 «Жылқы етінің өзіндік құнының төмен болу себебі, оның жыл бойы жайылатындығына байланысты. Сонымен қатар Қазақстандықтар жылқы етін дәстүр бойынша бағалайтындықтан, оның бағасы қой мен сиыр етіне қарағанда әрдайым қымбат болады»,   деп түсіндірді Бақтыбаев.

Статистикалық мәліметтер бойынша, Қазақстанда сиыр етін тұтыну 2019 жылы екінші тоқсанында бір тұрғын 5,6 кг, ал қой етін 1,7 кг болған. Бұл жылқы етінен 1 кг артық мөлшерді құрайды.

Сондай-ақ жылқы еті басқа еттермен салыстырғанды баяу қымбаттады, яғни жылқы еті 10 ай мерзімде ішкі нарықта  13% өсті, ал сиыр еті 15% және қой етінің бағасы  15,6%-ға  өсті.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ҰЭМ мәліметі бойынша 2020 жылдың қаңтар-ақпан айларында жылқы басы 36,8 мың малды құрады.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.