30 июня 2021 Мал шаруашылығы

Асқар Мамин Tyson Foods басшылығымен Қазақстанда жүзеге асатын жобаны талқылады

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин  Халықаралық бизнес бойынша Tyson Foods президенті Кристофер Лангхольцпен кездесу өткізді, онда Қазақстандағы заманауи агро-мультипротеин индустриясын дамыту мәселелері талқыланды. Бұл туралы ҚР премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Асқар Маминнің АҚШ-қа сапары барысында 2019 жылғы желтоқсанда қол қойылған келісімге сәйкес Tyson Foods қазақстандық Kusto Group компаниясымен бірлесіп Қазақстанда сиыр етін өндіретін толық цикл ашуды жоспарлап отыр.

«Бірінші кезеңде ҚР-да тәулігіне кемінде 2 мың мал сойылатын заманауи ет өңдеу кешенін салу жоспарланған. Кәсіпорын қазақстандық нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз етіп қана қоймай, өнімді шетелдік нарықтарға экспорттайтын болады», - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстанға Tyson Foods ет комбинаты не үшін қажет

Сондай-ақ жобаны іске асыру ет индустриясын және АӨК-тің басқа да салаларын: ветеринарияны, аграрлық машина жасауды, жемшөп дақылдарын өсіруді, бордақылау орындарын ашуды және т.б. бағыттарды дамытуды ынталандыратын болады, Қазақстанның ауыл шаруашылығында мыңдаған жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.

Өндірістік цикл американдық «Экстеншн» қызметінің моделі бойынша қазақстандық фермерлерге ақпараттық-консультациялық қызмет көрсетілетін болады. Атап айтқанда, кеңес беру, жергілікті жерлерде кадрлардың біліктілігін арттыру және кәсіптік-техникалық білім берілетін болады.

Tyson Foods 1935 жылы құрылған. Компанияның ақша айналымы $43,1 млрд құрайды, қызметкерлер саны-139 мың адам.

Естеріңізге сала кетейік, маусым айының басында ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Қазақстан тарапы Tyson Foods инвестициялық келісім дайындап, оны жақын арада қол қояды деп күтетінін хабарлады.