Қапшағайда баррамунди балығы өсірілетін болады

Қапшағай қаласында жылына 10 мың тонна баррамунди немесе алабұға балығын өсіретін инновациялық балық өнеркәсібі кешені салына басталды. Өткен аптада аталған зауыттың іргетасын қалау рәсімі өтті. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Оспанова Девелопмент» ЖШС жүзеге асыратын бұл жобаға шамамен 67 млрд теңге инвестиция салу жоспарлануда. Аталған кәсіпорында 300-ге жуық жұмыс орны ашылады.

«Үкімет балық шаруашылығын дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасын бекітті, онда 2030 жылға қарай жылына 270 мың тонна балық өсіру мәселесі қарастырылған. Балық шаруашылығына субсидия беру арқылы мемлекеттік қолдау көрсету жасалып жатқан шараларды кеңейтеді, сондай-ақ балық шаруашылығымен бірге жүретін бағыттарды дамыту үшін жағдайлар жасалды. Балық өсіру көлемін ұлғайту үшін жарамды су айдындары пайдаланылатын болады, сондай-ақ жаңадан индустриялық балық өсіру шаруашылықтары салу жоспарлануда», - деп атап өтті кешенді ашу рәсімі барысында Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев.

Ол осындай жобалар арқылы индустриялық балық өсіру шаруашылықтарын іске қосып, жоспарланған көлемге қол жеткізуге болатындығын хабарлады. Бұл ретте балық өндірісін табиғи-климаттық жағдайларға қарамастан кез келген өңірде жолға қоюға болады. Мұндай индустриялық шаруашылықтар суды үнемдейтін технологияларды пайдаланады.

Сондай-ақ, Экология министрлігі аталған жобаны жүзеге асыру елге әкелінетін балықтардың экзотикалық түрлерінің импортын алмастыруға және экспорт көлемінің өсуіне ықпал ететінін атап өтті.

Тақырыпқа байланысты оқу2021 жылы ҚР-да балық шаруашылығына қатысты 600 жоба жүзеге асатын болады

Алматы облысының әкімдігінде хабарлағандай, бұл жоба екі кезең бойынша жүзеге асырылады. 2022 жылы зауыт 1 мың тонна өнім өндіруді, ал 2024 жылға қарай өндіріс көлемін 10 мың тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

Теңіз алабұғасы гастрономиялық көрсеткіштері бойынша ел арасында үлкен сұранысқа ие. Бұл тауарлық өнімді теңіз балықтарының басқа түрлерімен салыстырғанда қысқа уақыт ішінде өсіруге болады. Қапшағайда бұл балықтың түрлерін тұйық суда ұстап,арнайы қондырғыларды қолдану арқылы австралиялық озық технология бойынша өсірілетін болады.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.