Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Сыр өндірушілер монбельярд тұқымды сиырды не үшін жақсы көреді. АгроКараван Сүт 2021, 9 күн
Голштиндер мен симменталдар сияқты кең таралған сүтті малдың тұқымдарынан басқа Қазақстанда экзотикалық түрлер де кездеседі. Мысалы, Ақмола облысының Атамекен ауылында «Абдрахманов» ЖК -де монбельярд сиырлар бар. Бұл француз тұқымды сиырлардан ірімшік жасау мақсатында сүт алу үшін өсіріледі.
Суретте Болат Әбдірахманов
ElDala.kz порталының командасы Сүтті және құрама ірі қара мал тұқымдары республикалық палатасының, сондай-ақ «Мустанг Азия» компаниясының қолдауымен ұйымдастырылған АгроКаравана іс-шарасының тоғызыншы күні осы фермада болды.
Ферма 2016 жылы салынды, бүгінде мұнда 500-ден астам ірі қара мал, симментал және монбельярд тұқымдары бар. Сауынды сиырлардың саны- 210 бас. Шаруашылықтағы тәулігіне орташа есеппен - 21 литр сүт сауылады.
Егер біздің елде симменталдар мен голштиндермен жақсы таныс болса, Монбельярд тұқымы туралы әлі ешкім естіген жоқ. Оларды Қазақстанға бірінші болып әкеліп, өсірумен айналысқан Болат Әбдірахманов.
Тақырыпқа байланысты оқу: Симменталдар vs Голштиндер. АгроКараван Сүт 2021, 5 күн
- Монбельярд тұқымы француз селекциясы, жақсартылған симменталдар сиырларының бір түрі, - деп түсіндірді шаруашылық директоры Болат Абдрахманов. - Бұл тұқымның сүтінде ақуыз мөлшері өте көп, одан негізінен ірімшік жасалады. Қазір оған сұраныс өте жоғары. Ірімшік өндіретін кәсіпорындарға жеткіземіз және олар бұл сүтке жақсы баға беруде. Сүті өте сапалы, майлылығы да, ақуызы да жоғары. Монбельярд тұқымды сиырлар біздің табиғи жағдайымызға жақсы бейімделген және етінің сапасы да симменталь сиырдыкіндей. Француздар классикалық симменталдарды алып, будандастыру арқылы тағы бір ет-сүт тұқымын шығарған. Бұған дейін біздің шаруашылықта тек симменталдар ұсталатын болатын, алғашқы 60 бас монбельярдты 2018 жылы Чехиядан әкелдік, себебі ол кезде тікелей Франциядан сатып алуға мүмкіндік болмаған. Аталғн тұқым өте жақсы болып шықты.
Биылғы жылдың ауа райының ауыр болғанына қарамастан, шаруашылық өзін-өзі жем-шөппен қамтамасыз етуде. Жүгерінің түрлері де жеткілікті, оның үстіне, өткен жылғы қордан жем қалған еді. Сондай-ақ, биыл сенаж бен сабан дайындаймыз.
Тақырыпқа байланысты оқу: Барлық мәселе мал азығына байланысты. АгроКараван Сүт 2021, 4 күн
Биыл жүгері 160 гектарға егілді, дәнді дақылдар - 230 га, арпа - 350 га, көпжылдық шөптер (эспарцет) - 140 га.
- Бұрын бізде жер аз болатын, биыл біз біршама кеңейдік, ал болашақта қолдан суаратын құрылғыларды қойғымыз келеді, - деп жоспарларымен бөлісті Болат Әбдірахманов. – Суаратын жабдықтар қоймасақ қиын, жыл сайын күрделене түсуде. Егер суаруды бір жолға қойсақ, онда гектарларды азайтып, сапасын арттыруға болады.
Өткен жылы шаруашылығымызда егілген жүгеріден жақсы өнім алдық. Биылғы жылы мұндай нәтиже күтпейміз, өйткені құрғақшылық қатты болды, және көктемде жылы ауа райы аз болды, бірақ шаруашылық орташа өнімін алуды жоспарлап отыр. Алдағы уақытта айналмалы жаңбырлатқыш қондырғы орнатуды жоспарлап отыр. Қазір субсидиялауға құжаттар беру үшін жоба дайындалуда - суаруға салынған инвестициялардың 50% -ын мемлекет субсидиялауы тиіс.
Тақырыпқа байланысты оқу: Голштин «Родинасы» АгроКараван Сүт 2021, 3 күн
Биылғы жылдың басты оқиғасы шаруашылықта жеке құрама жем жасайтын зауыттың ашылуы болып табылады.
- Өз шаруашылығымызға арнап Buschhoff неміс фирмасының құрама жем зауытын салдық, - деді Болат Әбдірахманов – Мұнда фураж, жүгері, күнжараны енді өзіміз сатып алып, өз зауытымызда араластырып, жем дайындап жатырмыз. Зауыт өте жақсы, толықтай компьютерлендірілген. Бұл зауытта барлығы автоматтандырылған, адам факторы жоқ, жоғары дәлдікпен жемді араластырады, қоспаларды мөлшермен салады. Онда төрт бункер бар, оған шикізат - жұмыр, арпа, бидай, жүгері салынады. Әрі қарай бұл өңдеу цехына барады, оператор бөлмесінде «Рацион» бағдарламасы қойылады және зауыт бәрін толық өзі дайындайды, қажетті мөлшерде араластырады.
Тақырыпқа байланысты оқу: Мал азығына қатысты жағдай тұрақталуда. АгроКараван Сүт 2021, 7 күн
Кәсіпорын шағын болғандықтан, өз қаражатына құрама жем зауытын салу ісіне біршама қаражат жұмсалды. Бұл жобаға ғимаратпен бірге 40 млн теңге жұмсалды, бірақ шаруашылығымыз бұл шығынды ақтайтынына сенімді.
- Бұл зауытты салмасқа болмады, - деп ойын айтты Болат Әбдірахманов - Байқап қарасақ, малдың азығын өзіміз дайындамасақ қиын екен. Сиырдан жақсы сүт алу үшін оларды сапалы азықпен азықтандыру қажет. Ал жемшөп шын мәнінде сапалы болуы үшін оны өзіміз жасауымыз керек. Сондықтан біз осы зауытты салу туралы шешім қабылдадық.
Бүгінде «ЖК Әбдірахманов» бірнеше қоспа жеткізетін компаниялармен жұмыс істейді, олардың өнімдерін сынақтан өткізеді, қосады, араластырады.
Тақырыпқа байланысты оқу: Мал азығы сүт фермаларының тиімділігін қалай арттыруда
- Бұл қоспалар сиырдың денсаулығы үшін маңызды. Егер сиыр сау болса,онда сүт те сапалы болады, - деді Болат Әбдірхаманов. Біз жем-шөпке талдау жасаймыз, сондай-ақ жануарлардан талдау жасау үшін қан аламыз. Жемшөпте қандай минералдар жетіспейтінін көріп отырамыз, құрамын анықтап керекті қоспаны саламыз.
Түркияның Kurtsan компаниясынан «Елочка» атты сүт сауатын құрылғысын шаруашылыққа сатып алдық, оның сапасы жақсы. 2018 жылы сатып алған болатынбыз, сол уақыттан бері бұзылған жоқ.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстандағы 2020 жылы ТОП-50 сүт өндіруші компаниялар
Шаруашылығымызда ұсталатын сиырлар тәулігіне екі рет сауылады, алынатын сүт көлемі 5 тоннаға жуық. Сүт Ақмола облысында және басқа да өңірлерде, Петропавлда сатылады.
Қорада ұстау кезінде малдың денсаулығының басты мәселесі - жануарлардың тұяғы екені белгілі. Сондықтан, биыл шаруашылықта Петропавлдағы «Лидер» зауытында шығарылған қазақстандық өнімді мал тұяғын емдеуге арналған толық автоматтандырылған станок сатып алынды. Сонымен қатар Агромашхолдингтің Lovol тракторын және көкшетаулық КАИК зауыты шығарған Ростсельмаш компаниясының тракторларын алдық. Шаруашылық сатып алынған барлық техникаларға ризамыз, өйткені барлық техниканың бағасы сапасына сай келеді.
Қазір фермада 100-ден астам бұзау бар. Оларға 60 күнге дейін сүт береміз, содан кейін біртіндеп алмастырғыштар мен ірі азықтарға көшіреміз.
Тақырыпқа байланысты оқу: Шөл даладағы «Айс». АгроКараван Сүт, 1 күн
- Жас төлдерді өсіруге біз ерекше көңіл бөлеміз, - деді Болат Әбдірахманов – Сиырдан тұрақты түрде және сапалы төл алу үшін біз, әрине, түрлі мамандармен кеңесеміз, Сүтті және ірі қара малдың аралас тұқымды республикалық палатасы бұл мақсатта бізге өте жақсы көмектеседі, сондай-ақ түрлі институттар мен мамандармен байланыстамыз, соның ішінде шетелдік мамандармен де бірлесіп жұмыс істейміз. Олардың барлығы бізге кеңес береді.
Тақырыпқа байланысты оқу: Көшбасшыға қонақта. АгроКараван Сүт 2021, 6 күн
Мемлекеттік қолдау жайлы айтар болсақ, шаруашылық сүтке субсидия алады, жем-шөпке де бөлінеді, бірақ олар барлық өңірлерде емес, Ақмола облысында әзірге жоқ.
- Агрокредиттік корпорациядан 16% -бен несие аламыз, оның 10% -ы субсидияланады, біз 6% төлейміз, - деп түсіндірді Болат Әбдірахманов - Кредиттік серіктестіктерде де несие береміз, техникалар соңғы жылдары жаңартылды, малды да несиеге аламыз, Агрокредиттік корпорация арқылы, Қаржылай қолдау қоры арқылы да алынды. Мұндай мемлекеттік қолдау көптеген мемлекеттерде жоқ. Иә, бізде қиындықтар да бар, қағазбастылық жағдай да көп және т.б. Дегенмен, үкімет тарапынан берілетін қолдау сезіледі. Кейбір мемлекеттерде бұл жақсы деңгейде, ал кейбіреулерінде нашар болады.
Соңғы кездері ферма сенімді түрде қарқын алып келеді, әрі қарай табысқа жету үшін барлық мүмкіндік бар.
- «ЖК Әбдірахманов» қарқынды дамып келе жатқан шаруашылық болып есептеледі, - деп өз пікірімен бөлісті Азамат Сағынбаев (суретте), Сүтті және ірі қара малдың аралас тұқымды республикалық палатасы атқарушы директоры - Егер бұрын АгроКараванда ірі фермалардың дамуын көрсеткен болсақ, мұнда фермер ретінде шағын мал басынан бастап, үлкен шаруашылыққа жеткізген ферма жайлы мысал ретінде айтуға болады. Бұл сүт саласын дамытумен айналысқысы келетін жаңа фермерлер үшін үлгі. Сондай-ақ, Болат Әбдірахманов елімізге монбельярдтық тұқымды мал әкелген алғашқы адам болғанын атап айтуымыз керек.
ЖОБА СЕРІКТЕСІ
СҮТТІ ЖӘНЕ ІРІ ҚАРА МАЛДЫҢ АРАЛАС ТҰҚЫМДЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАЛАТАСЫ