ҚР-да жем-шөп дайындау техникасын алуға қосымша қаржы бөлінеді
Бүгін Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашукеев Қызылорда облысына екі күндік жұмыс сапарын бастады. Арал ауданының тұрғындарымен және фермерлермен кездесуде ол құрғақшылықтан зардап шеккен малшыларды қолдаудың қосымша шаралары туралы айтып берді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Ведомство басшысы атап өткендей, Ауыл шаруашылығы министрлігі «Байтерек» холдингімен бірлесіп жем-шөп дайындау техникасын сатып алуды қосымша қаржыландыру және жерді суаруға арналған жабдықтарды сатып алуға кредит беру мәселесін қарайды.
Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанынан жем-шөпті қамтамасыз ету мәселелерін шешуді үйлестіру үшін Республикалық жедел штаб құрылды.
«Өткен аптада үкімет резервінен Қызылорда облысында құрғақшылықтан зардап шеккен шаруаларға жеткізілетін азық құнын арзандату үшін 1,7 млрд теңге бөлінді. Қазір бұл қаражатты барлық шаруа қожалықтарына тамыздың ішінде жеткізу қажет. Екіншіден, ПАзық-түлік келісім шарт корпорациясы 490 тонна арпаны нарықтық бағадан төмен бағамен сатқан. Жалпы, биылғы жылы біз мал жеміне арналған астық қорын 370 мың тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз», - деді Ербол Қарашүқеев.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қызылорда облысында құрғақшылыққа байланысты төтенше жағдай енгізілді
Сондай-ақ, фермерлерге азық дайындауға қосымша арзандатылған жанар-жағармай бөлінді. Қазір Энергетика министрлігімен барлық мәселелер талқылануда. Қызылорда облысы 3,8 мың тонна лимит алды.
Сонымен қатар, Экология министрлігімен қорықтарда шабындық пен жайылым туралы келісімге қол қойылды. Сонымен қатар, елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты мал шаруашылығын дамытуға берілген кредиттер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру бойынша шаралар қабылданатын болады.
«Министрлік мал шаруашылығын субсидиялау ережесіне жақында енгізілген өзгерістерге сәйкес өткен жылы мал азығына субсидия алмаған шаруа қожалықтарының резервтік өтінімдерін қанағаттандырды. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 390 млн теңге бөлінді. Осы мәселе бойынша облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы тез арада тиісті шараларды қабылдауы қажет. ҚТЖ темір жол тарифі бойынша басқа өңірлерден азық тасымалдауға арнайы жеңілдіктер беру туралы шешім қабылдады», - деді ол министр міндетін атқарушы.
Ол сондай-ақ жалпы Қызылорда облысы бойынша жемшөппен қамтамасыз ету жағдайын ішкі мүмкіндіктерді толық пайдалана отырып шешуге болатынын атап өтті.
«Аудандар бойынша, елді мекендерде шабындық бригадалар құру қажет. Осы екі күн ішінде біз барлық аудандардағы жағдаймен танысып, жедел шешуді талап ететін мәселелерді талқылап көреміз», - деді Ербол Қарашүкеев.