11 августа 2021 Мал шаруашылығы

Qoldau жүйесінде мал шаруашылығына арналған күту парағы енгізілді

Qoldau жүйесінде мал шаруашылығын дамытуға субсидия алу үшін күту парағы енгізілді. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінен хабарлады.

Осы уақытқа дейін фермерлер мал шаруашылығын дамытуға бөлінген жергілікті бюджет қаражаты аяқталғаннан кейін субсидия алуға өтінім беру мүмкіндігінен қалып қалатын еді. Қаржыландырудың жетіспеушілігі жиі байқалғанымен, субсидиялау жүйесінде өтінімдерді қабылдау мерзімі өте шектеулі болды. Бұл жағдайды Кедергілер жөніндегі кеңес АӨК саласындағы бәсекелестікті шектеу ретінде бағалаған.

«Субсидияларды бірінші болып өтінім беріп үлгергендер алатын. Аталған кедергіні жою бойынша уәкілетті салалық органмен бірлесіп жұмыс істеу арқылы Ауыл шаруашылығы министрлігі 2021 жылғы 13 шілдедегі қолданыстағы Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру қағидаларына «күту парағын» енгізу тәсілдері арқылы өзгерістер енгізді.

Тақырыпқа байланысты оқу: Qoldau жүйесін мемлекеттік меншікке беру жоспарлануда

Ведомствода атап өткендей, енді жергілікті бюджетте қаражат болмаған жағдайда кәсіпкерлер өз бағыттары бойынша күту парағына енгізіледі және осы өтінімдерді ескере отырып, субсидиялар келесі қаржы жылында қосымша бюджет қаражатын бөлу кезінде өтінімдердің келіп түскен күні мен уақытына сәйкес кезек бойынша төленетін болады.

Бұған дейін АШМ Qoldau.kz жүйесінде қайта өңдеушілер үшін күту парағын енгізетіні хабарланған болатын.