Қ.Тоқаевқа Алматы облысында Baumann жобасының басталғаны туралы баяндалды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына сапары барысында «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС-да болып, өңір басшысының аталған аймақтағы іске асырылып жатқан жобалар туралы баяндамасын тыңдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
«Маревен Фуд Тянь-Шань» басшыларының хабарлауынша, кәсіпорынға 30 млрд теңгеден астам инвестиция салынған. Кешеннің құрылыс алаңы 4,5 гектарға жетеді. Мұнда Швейцариядан, Жапониядан, Германиядан инновациялық жабдықтар мен озық технологияларды пайдалана отырып, азық-түлік өнімдері өндіріледі. Фабриканың қуаттылығы жылына 85 мың тонна дайын өнімді құрайды.
Қазіргі уақытта компания 500 млн орамды өнім шығарады, оның 70% -ға жуығы экспортқа шығарылады. «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС-де барлығы 670 адам жұмыс істейді, оның 95% - жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары.
Тақырыпқа байланысты оқу: 1,3 млрд теңге субсидияға байланысты Маревен Фуд Тянь-Шаньға қарсы қозғалған тергеу ісі жабылды
Облыс әкімі Амандық Баталовтың айтуынша, облыс экономикасына 312 млрд теңге инвестиция салынып, 40 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Ағымдағы жылы облыс аймағында құны 112 млрд теңге тұратын 65 нысан салынуда.
«Амандық Баталов Мемлекет басшысының былтырғы Германияға сапары барысында қол жеткізген келісімдерін жүзеге асыру аясында Baumann компаниясы қуаты 30 мың тонна болатын ұсақ мал өнімдерін өңдейтін «Жетісу қой» жобасының жүзеге асырыла басталғанын хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаев өңірде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобаларды жоғары бағалап, оларды уақытында аяқтауды тапсырды», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.