ЕАЭО-да акваөсіруді бірлесе дамыту ұсынылуда

21 сәуір күні Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алқасының отырысында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде акваөсіру саласындағы ынтымақтастықты  кеңейту шарасының  тізімі ұсынылды. Бұл туралы комиссияның баспасөз қызметі хабарлады.

Мәселе табиғи және жасанды су қоймаларында, сондай-ақ арнайы құрылған теңіз плантацияларында балықтарды, шаян тәрізділерді, моллюскілер мен балдырларды өсіру мен жетілдіруге байланысты шаралар туралы болып отыр. ЕЭК-те әлемде балыққа және басқа да судағы өнімдерге сұраныс артып отырғаны айтылды. Бұл балық өсіру көлемін арттыруға әкеледі. Егер 20 жыл бұрын акваөсіру өнімінің үлесі жалпы әлемдік тұтынуда тек төрттен бір бөлікті құраса, қазір жартысына жетті.

ЕАЭО-да осы саланың өсуі байқалуда: үш жыл ішінде Арменияда акваөнімдерді өсіру 1,5 есе, Беларусяда — 15% — ға, Қазақстанда — 5,4 есе, Қырғызстанда — 2,3 есе, Ресейде — 1,3 есе өсті. Сонымен қатар, ЕЭК-те атап өткендей, ЕАЭО мемлекеттерінің бұл өндірістегі бар мүмкіншіліктері толықтай қолданылмай отыр. Аталған Одақтағы елдердің акваөсіру өнімдерін тұтыну орташа есеппен жылына 1 килограмм немесе жалпы тұтыну көлемінің 5% - ға жуығын құрайды. Ішкі сұранысты қамтамасыз ету үшін 2018 жылы 2,2 млрд. $ қаражатқа 649,5 мың тонна балық және балық өнімдері импортталды.

ЕЭК ұсыныстарына сәйкес, Одақ елдеріне асыл тұқымды балық шаруашылығы саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру, арнайы жемшөп пен ветеринариялық препараттарды өндіру бойынша жобалар жасау ұсынылуда. Балық шаруашылығына арналған жабдықтар өндірісін жасау және оның қуаттылығын арттыру арқылы  өндірістік кооперацияны дамытуға мүмкіншілік бар.

«Акваөсіру саласында ЕАЭО-да мемлекетаралық ынтымақтастықты дамытудың өзектілігі Одақтың әлемдік және ішкі нарықтағы конъюнктурасына байланысты, сондай-ақ одақтағы мемлекеттерде балық шаруашылығын дамыту мәселелерін бірлесе шешкен дұрыс. Бұл саладағы басты мәселелер: сапалы балық өсіру өнімдерінің жетіспеушілігі, жемшөп пен дәрі — дәрмектердің импорттық болуы, құрал жабдықтардың тозуы, ғылыми тәсілдерді  жеткіліксіз пайдалану жатады», — деп атап өтті ЕЭК-тің өнеркәсіп және агроөнеркәсіп кешені бойынша министрі Артак Камалян.

Айта кетерлік жағдай, Қазақстанда балық шаруашылығы өнімдері импортқа тәуелді. Олар әлеуметтік-маңызды тауарлар қатарына жатады. Балық шаруашылығы саласын дамыту АӨК-тегі мемлекеттік қолдау көрсетілетін негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Атап айтқанда, шаруашылықпен және тұйық сумен жабдықтау қондырғыларын құру үшін инвестициялық жобаларды субсидиялау қарастырылған. Қазақстанның Статистика комитетінің мәліметінше, биылғы жылдың қаңтар — наурыз айларында балық аулау мен акваөсіру өнімдерін өндіру көлемі 2,2 млрд теңгені құраған.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.