Бидай өндіруші көшбасшы - 16 ел
АҚШ-тың ауыл шаруашылық министрлігінің (USDA) мәліметтері бойынша бидай өндірісінен көшбасшы Еуропалық Одақ, Қытай, Үндістан және Ресей болып табылады. Олар бидай өсіруден әлемдік өндірістің 55% - ын алады. Еуропалық Одақ 2018/19 жылдары құны МГ-да 5,75 т/га болатын өте жоғары өнім жинағандықтан осындай жоғары орынды алып тұр. ЕО жалпы алғанда 23,8 млн гектар жерден 136,86 млн тонна бидай жинаған, ол әлемдік өндірістің шамаен 17% құрайды.
Қытай егін алқаптарының көптігінен рейтингте екінші орынға ие. Жалпы, 2019 жылы бидай егілген алқап 24,3 млн гектар деп есептеліп отыр, ол 2018 жылғы көрсеткішпен шамалас. 2018/19 жылдардағы МГ бидай өндірісі 131,43 млн тоннаны құрады, былтырғы жылдың орташа есебімен бірдей өндірілді.
Қазақстан бұл рейтингте 13-орында тұр. Бұл көрсеткіш ауа райының қолайсыздығына және егін түсімінің төмен болуына байланысты, сонымен қатар фермерлер бидай өсіруден гөрі, көкөніс пен бақша дақылдарын егумен көп айналысуда. Биылғы жылғы климаттың қолайсыз болғандығынан Қостанай облысы жапа шекті, мұндағы орташа өнім — 0,73 т/га болды, өткен маусымға қарағанда екі есе төмен көрсеткіш — 0,12 т/га. 2018/19 МГ бидай алқабы 184,8 мың га, ал 2017/18 МГ — 200 мың гектар болған еді, ал бидайдың жалпы құны 13,95 млн. т. бидайды құрады, ал келесі 2019/20 МГ 11,5 млн. т. өнім жиналады деп күтілуде.
2018/19 жж. ЕО-да бидайға ыстық ауа-райы әсер етпеді, өндіріс көлемі өткен жылмен салыстырғанда бұрынғы қалпына келіп, 136,86 млн. тоннаны құрады.Ең ірі бидай өндіруші елдер Франция және Германиядағы соңғы бес жылдағы орташа көрсеткіш 2017/18 жылдармен салыстырғанда 16% және 13 %-ға көп болды.
ЕО-да бидай өндірудің ең жоғарғы көрсеткіші 2015/16 жылдары тіркеліп, 160,48 млн. тоннаны құрады. Ал ең аз бидай 1997/98 жылдары - 94,18 млн. тонна болды. 2018/19 жылдарда Францияда 39,7 миллион тонна бидай астық жиналды.
Еуропалық Одақта бидай өндіруден екінші орында Германия мемлекеті тұр. Германия жаздың басындағы қатты аптап ыстыққа және жаңбырға қарамастан 23,03 млн тонна бидай жинады.
1997-2000 жылдар аралығында ЕО жылына орташа есеппен 98,04 млн. тонна бидай өсірді. Ал 2001 жылдан 2010 жылға дейінгі кезеңде - жылына 131,43 млн. тонна, яғни 90-шы жылдардың аяғымен салыстырғанда 31% -ға көп өсіре бастады. Соңғы 9 жыл ішінде Еуропалық Одақта бидай 12,5% -ға өсті, яғни жылына 144,9 млн. тоннаны құрайды.
Бидай өндірісінің болашағы Қытайда қолайлы болып табылады. Қардың жеткілікті мөлшерде түсуі, күздік дақылдарды желтоқсан мен қаңтар айларында елдің көп бөлігінде болатын төмен температурадан қорғайды. Кейіннен, жақсы мөлшердегі және бір қалыпты жауын-шашын 2019 жылдың ақпан-мамыр айларында бидайдың көп бөлігі өндірілетін Солтүстік Қытай жазығында ылғал тапшылығын азайтты. Жалпы, 2018/19 жылдары бидай себілген алаң 24,3 млн гектарға бағаланды, бұл 2017/18ж. орташа деңгейіне жақын. Ал 2018/19 жылдары өндіріс деңгейі 131,43 млн. тоннаға жетті.
Қытайдағы бидай өндірісінің ең төменгі деңгейі 2003/04 жылдары тіркелді және 86,49 млн. тоннаны құрады, содан кейін өндірістің тұрақты өсуі басталды және 2017/18 жылдары 134,33 млн.тонна деңгейіне дейін жетті.
2018/19 жылдары Үндістандағы бидай дақылдары 99,87 млн. тоннаны құрады. Бидай өндірісінің өсу тенденциясы байқалды: 2012/13 жылдар кезеңінде 87,39-дан 94,57 млн тоннаға дейін, ал 2017/18 жылдары 7,18 млн. тоннаға (8,22%) артты. Өндірістің өсуінің басты көзі, негізінен өнімділіктің аздап артуымен бірге егіс алқаптарының кеңеюіне байланысты. Бидайдың шамамен 85 млн. тоннасы (90%) Уттар-Прадеш, Пенджаб, Харьяна, Мадья-Прадеш, Бихар және Раджастхан сияқты бидай өсіретін дәстүрлі аудандарда өндірілді.
Ең аз көрсеткіш 1996/97 жылдары тіркелді және ол -62,07 млн. тоннаны құрады.
Бидай өндірісі, млн. т.: 72
Бидай өндіруші сала үшін үшін биылғы жыл соңғы бес жылдағы орташа деңгейде болады. Қыстағы және ерте көктемдегі күздік дақылдар сапасының нашарлауы мен ішінара бұзылуы, егіс жұмыстарының оңтайлы мерзімінің артта қалуы (жоспарланған жоспарлардың бәрін орындау мүмкін емес), сондай-ақ елдің бірқатар аймақтарындағы құрғақ құбылыстар өндіріске әсер еткен факторлар болып табылады.
Ресей рублінің нығаюына, айтарлықтай әкімшілік шектеуге байланысты және Ресейдегі логистикалық шығындардың тым жоғары болуына байланысты Ресей бидайдың көп мөлшерін экспорттай алмай отыр. Ресейлік астықтың ішкі тасымалдау құны американдық және австралиялық экспорттаушыларға қарағанда жоғары болып табылады.
2018/19 жылдары бидайдың жалпы түсімі 71,69 млн. тоннаны құрады. Соңғы 22 жылдағы ең төменгі өнім мөлшері 1998/99 жылдары- 27 млн. тоннаны құрады, ал 2017/18 жылдары - 85,17 млн. тонна болды.
Ауыл шаруашылығына кіріс алып келетін егін алқаптары бойынша АҚШ-та бидай егіс дақылдарының арасында жүгері мен соядан кейінгі үшінші орында тұр. АҚШ фермерлері 2018/19 жылдары жалпы алғанда 51 млн тонна бидай өндірді. Соңғы кездері бидай егістігінің көлемі егін және астық өндірісі төмендейтіндігін көрсетті. АҚШ-тағы егістік алқабы 120 млн га-ға қысқарды.
Өндірістің ең төменгі көрсеткіші 2002/03 жылдары— 43,71 млн т, ал ең жоғарғы көрсеткіші 2008/09 жылдары өсірілген бидайдың мөлшері 68,02 млн тоннаны құрады. 90-шы жылдары орташа есеппен жылына 65,35 млн. тонна бидай өсіріліп, көрсеткіштер бірте-бірте төмендеп, 2001-2015 жылдар аралығында АҚШ-та жылына 57,351 млн.тонна бидай өсірілген. Ал соңғы 4 жылда бұл көрсеткіш 51,3 млн тоннаға жетті.
Соңғы екі жылда Канадада бидай өндірісі төмендеді, бұл 2019 жылы егістік және егін жинау алқаптарының қысқаруына, сондай-ақ суық, қатал қысқы және көктемгі ауа райына байланысты болды. Далалық провинцияларда (Саскачеван, Манитоба және Альберта) қатты сұрыпты және жаздық бидай түрлері өсіріледі. Мұнда Канададағы бидайдың жалпы көлемінің 95% - ын өндіреді. Саскачеванда 44% өндіріледі, одан кейін Манитоба — 33% және Альберта — 16%. 2018/19 жылдары Канадада 9,96 млн гектар жерге 32,2 млн. тонна бидай өсірілді. Канадада бидайды өсіру орташа тұрақты және соңғы 20 жылда ең аз өнім 2002/03 жылдары-16,19 млн. тонна тіркелді, ал ең көп өнім 2013/14 жылдары, атап айтқанда, егін мөлшері 37,53 млн. тоннаны құрады.
Бидай өндірісі Пәкістандағы төрт негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының бірі болып табылады (күріш, мақта және қант қамысынан кейін), фермерлердің 80% - ы оны 9,0 млн гектар (елдің жалпы өңделетін жерінің 40% - ы) егіс алқабында өсіреді. Соңғы жылдары Пәкістандағы бидай өндірісі жылына 22-ден 26 млн тоннаға дейін жетті. Егін негізінен ұсақ (0,5-тен 5 гектарға дейін) және орташа (5-тен 10 гектарға дейін) фермерлер өсіреді. 2018/19 жылдары 25,1 млн тонна бидай жиналды.
Шығыс Еуропада қалыптасқан өте жұмсақ күзгі ауа райына байланысты, температура барлық уақытта бірдей болғандықтан Украина бидай өндіруде рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізді. Соңғы 9 маусымда Украинада бидай түсімі айтарлықтай өсті. Бұл кезеңде ең жоғары орташа көрсеткіш болды, өткен жылы — 4,25 т/га. Соңғы жылдары Украинадағы бидай өндірісі жылына 22-ден 27 млн тоннаға дейін жетті. Егіннің ең төменгі көрсеткіші 2003/04 жылдары болды және 3,6 млн тоннаны құрады, ал ең жоғары өнім 27,27 млн тонна бидаймен 2015/16 жылдары болды. 2018/19 жылдары Украинада 25,06 млн тонна бидай өндірілді.
2018/19 жылдары бидай астығын дұрыс қолдаудың арқасында фермерлер елде болған құрғақшылық маусымында астық жоғалтпай, үкіметтен экономикалық көмек алды.
Аргентинада 2 млн гектар жерге бидай егілгендіктен, болжам бойынша, бидай өндірісі кеңейеді деп күтілуде. Сонымен қатар фермерлердің неғұрлым жоғары сорттарды пайдалана отырып, өндірістің ұлғайтылған көлемімен ең жақсы тәжірибе әдістерін және бидай өндірісін арттыратын жақсартылған технологияларды қолдануына байланысты ұлғаяды.
Аргентина бидай өндіруден ең жоғарғы көрсеткішке 2018/19 жылдары 19,5 млн тоннамен жетті. Ал соңғы 20 жылда бидай бойынша ең төменгі көрсеткіш 2012/13 жылдары 9,3 млн тонна болды. Соңғы 3 жылда осы елде бидай өндірісі 18-19 млн тонна шамасында.
Түркиядағы бидай алқаптары, әсіресе суармалы егістіктер мамыр айының құрғақ ауа-райынан қатты зардап шекті. Суару мен жаңбырдың жаууына байланысты кіріс мөлшері мен астық сапасы аймақтарда әр түрлі болғанымен, бүкіл Түркияда бидай сапасы жақсы.
Құрғақшылық Анадолының оңтүстік-шығысында бидайдың ұзақ өндірілуіне әсер етті.
Соңғы жылдары түрік бидай өнімдерінің экспорты тұрақты түрде өсуде. 2018/19 жылдары
Түркиядан бидай экспорты (ұн мен бидай өнімдерін қосқанда) 6,7 млн тоннаға бағаланды (бидай баламасы бойынша), оның 3,34 млн тоннасы бидай ұны, шамамен 1,25 млн тонна - макарон өнімдері және 275 мың тонна - булгур.
Түркияда орта есеппен жылына 15-тен 20 миллион тоннаға дейін бидай өсіріледі. Ең жоғарғы индикатор 2017/18 жылдары тіркелді және 21 млн.тонна бидайды құрады, ал ең аз мөлшер 2014/15 жылдары — 15,05 млн.тонна болды. Жалпы Түркиядағы бидай өндірісі тұрақты жағдай мен өндірістегі өзгерістер негізінен ауа-райына байланысты болады. 2018/19 жылдары Түркияда 19 млн тонна бидай жиналды.
Өндірістің минималды көрсеткіші 2002/03 жылдары тіркелді және 10,13 млн. тоннаны құрады, ал 2016/17 жылдары - 31,82 млн.тонна болды, содан кейін соңғы 2 жылда 2017/18 жылдары 10 млн.тоннаға төмендеу байқалады. және 2018/19 жылдары 4 млн тонна (17,3 млн тонна).
Австралияда 2019 жылы құрғақшылық болды, ол Жаңа Оңтүстік Уэльсте және Квинслендтің оңтүстігінде болды. Австралия бидайының экспорты 2018/19 жылдары аз
болды.Бұл 10 жылдағы орташа көрсеткіштен 46% төмен және шамамен 9,8 млн.тоннаны құрады. Дүниежүзілік нарықта бидай экспорты ауытқып отырды, өйткені ішкі жемге сұраныстың өсуі және ұсыныстың төмендеуі ішкі бағаның жоғарлауына әкелді.
Батыс Австралия бидайдың ақ сорттарын шығарады, олар ақ ұн мен жоғары өнім береді.Бидай әдетте ылғалдылығы төмен болса және түсі өзгерсе және пішіні өзгерсе де әртүрлі, бірқатар өнімдер жасауға болады. Құрғақ ауа райы егін ылғалының аздығына әкеледі және астықтың бұзылуына әкеледі.
Бидай Ирандағы ең маңызды астық болып табылады және астық өндірісінің 70% құрайды. Иранда бидай өндірісі 2018/19 жылы 14,5 млн тоннаға бағаланады, бұл 5 жылдағы орташа деңгейден 20% көп.Иранда жылына 24 млн тонна өндірістік қуаты бар 350 диірмен жұмыс істейді.
Соңғы 5 жылда бидайдың орташа ауданы 6,6 млн. га, ал өндірудің орташа көлемі шамамен 13,4 млн.т., орташа өнімділік 2 т/га-дан сәл артық болды, бұл Ресейдегі немесе Австралиядағы өндірушілердің көрсеткіштерімен салыстырылады. Иранның бидай алқабының 40%-ы суармалы.
Бидай өндірудің максималды көрсеткіші 2007/08 жылдары тіркелді және 15,89 млн. тоннаны құрады, ал келесі 2008/09 жылдары бұл көрсеткіш 2 есеге 7,96 млн. тоннаға дейін төмендеді және соңғы 20 жылдағы ең төменгі көрсеткіш болды. Соңғы 10 жылда бидай өндірісі 12-ден 14,5 миллион тоннаға дейін жетті.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2018/19 жылы Қазақстанда бидай өсіру үшін 15,27 млн. га пайдаланылды, нәтижесінде 13,95 млн.тонна астық алынды. Осы көрсеткішпен Қазақстандағы орташа өнімділік 0,91 т / га құрады.
Төмен шығымдылық елдің климатымен, әсіресе солтүстік өңірлермен, сондай-ақ 2019 жылдың маусым-тамыз айларындағы ауа-райымен сипатталады, бұл бидайдың негізгі өндірушілеріне әсер етті, әсіресе Қостанай облысына ісері жоғары болды.
Бидай өндірісінің ең төменгі көрсеткіші 1998/99 жылдары тіркелді - 4,7 млн тонна, келесі онжылдықта жылына орта есеппен 12,9 млн тонна өсірілді, ал 2011 жылдан 2019 жылға дейін бұл көрсеткіш 14,06 млн тоннаға дейін өсті.Ең жоғары көрсеткіш 2011/12 жылдары болды, өйткені Қазақстанда 22,73 млн.тонна бидай өсірілді.
2018/19 жылдары Египетте бидай өндірісі 8,45 млн тоннаны құрады. Бидай өсірілетін егіс алқабы шамамен 1,37 млн.га құрайды. Соңғы 8 жылда Египетте бидай өндірісі жылына 8,1-ден 8,4 млн тоннаға дейін жетті.
Египеттік фермерлер бидайдың ең төменгі мөлшерін негізінен елдің оңтүстігінде Ніл алқабында Орта және Жоғарғы Египет аймақтарындағы өзен жағалауында, сонымен қатар шекарада (Ніл алқабында және Жаңа алқапта, Матрух, Солтүстік Синай және Оңтүстік Синайда)өсіреді.
Ауыл шаруашылығы және мелиорация министрлігінің (MALR) және Ауыл шаруашылығы зерттеу орталығы (ARC) егістікті кеңейту есебінен алқаптағы өнімділіктің артуына ықпал етеді. ARC
сондай-ақ фермерлерді егіннің тиімділігі мен өнімділігін арттыратын өнімділігі жоғары астық сорттары бар бидай өсіруді үйлестіруге ынталандырады. ARC жақында бидайдың үш жаңа жоғары өнімді сортын тіркеді (Саха 95, Миср 3 және Бенисуиф 7). Жаңа сорттар ыстыққа төзімді және өсіру кезінде суды аз қажет етеді. ARC Египеттің барлық орта және жоғарғы аймақтарында егістіктерді кеңейтуді енгізді.
2018/19 жылдары Өзбекстан 6 млн тонна бидай өндірді, 3,2 млн тонна импортталды және 2,6 млн тонна өткізілді. Aстық импорты болмаса, Өзбекстан өз қажеттіліктерін өтей алмайды, бірақ жалпы жағдай қауіпті болып саналмайды. Қазақстан мен Ресейде астықты сатып алу мәселесін Республика оңай шеше алады, сонымен қатар қорлардың аздап қысқаруына байланысты резерв бар. Соңғы жылдары елде бидай ұнының импорты қысқарды (2011/12 және 2017/18 жылдар аралығында екі есе қысқарды) және жергілікті қайта өңдеу мөлшерінің артуына байланысты Қазақстаннан жоғары сапалы бидай сатып алу өсті. Бұл елге бидай ұнына деген ішкі қажеттілікті қанағаттандыруға және көршілес елдерге бидай ұнын қосымша жеткізуге мүмкіндік береді.
Соңғы 4 жылда Өзбекстандағы бидай өндірісі жылына 9 миллион тонна деңгейінде болды.
Бидайды жаңадан отырғызған Серрадо сияқты орталық бөлігіндегі биом саваннасын қоса есептегенде, Бразилияда биылғы жылы бидай егілетін алқаптардың көлемі кеңейді.
Бұдан он жыл бұрын мұнда бидай өсіру мүмкін емес болып саналған еді. Embrapa бразилиялық ауыл шаруашылығы зерттеулер агенттігі бидайдың жаңа сортын жасап шығарды.Аталған тұқым Бразилияның батыс жағалауындағы ыстық климатқа бейімделген, сондай-ақ ылғалды аймақтағы микро ағзаларға қарсы тұра алады.
2015/16 жылдары Бразилияда 5,5 млн тонна бидай өсірілді, ал 2016/17 жылдары- 6,7 млн тонна, 2017/18 жылдары астық аз жиналып, көрсеткіш 4,3 млн тонна болды, ал 2018/19 ж5. 25,5% - ға артып, 5,43 млн. тоннаға дейін жетті.