Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Әлемдік арпа өндірісінің болжамы артты
АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігі (USDA) сәуір айында жасаған есебінде арпаның әлемдік өндіріс мөлшері туралы болжам 2019/2020 жылдары артатындығын мәлімдеді. Бұл ақпарат USDA –ның сәуір айындағы есебінде айтылды.
Аталған болжам бойынша, 2019/20 жылдары арпаның әлемдік өндірісі наурыз айында 155,67 млн тонна болса, сәуір айында 155,87 млн тоннаны құрайды. Сонымен қатар, арпа экспортының мөлшері наурыз айының болжамында 27,31 млн тоннадан 26,77 млн тоннаға дейін төмендейді. Арпаның соңғы қорының көлемі 2019/20 жылдары 21,17 млн тонна деңгейінде болады деген болжам бар, бұл алдыңғы болжамнан (20,93 млн т) артық.
Қазақстандағы арпа өндірісі мен экспортының мөлшері сол айтылған болжам деңгейінде қалып отыр, яғни - 3,835 млн тонна және 1,7 млн тонна көлемінде.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанда бидай өндірісі мен экспортының болжамы 11,45 млн тоннаны және 6 млн тонаны құрады.