Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Olzha Agro күздік бидай алқаптарын 14 есе ұлғайтпақшы
Қазақстанның ірі агрохолдингі «Olzha Agro» 23 шілдеде күздік астықты жинауды сәтті аяқтады. Бас директоры Айдарбек Қожаназаровтың айтуынша, бұл тәжірибе Қостанай облысы үшін жаңа, өйткені қысқы және ерте көктемгі егістіктердің үсу қаупінің жоғары болуына байланысты өңірде негізінен жаздық дақылдар өсіріледі. Бидай мен қарабидайдың күздік сорттарын өсіру идеясының өзі климаттық жағдайлардың өзгерістерін бақылаудан туындап отыр.
Суретте: «Olzha Agro» агрохолдингісінің бас директоры Айдарбек Қожаназаров
- Өткен жылғы егіс науқаны кезінде астық қалдықтарынан өсіп шыққан бидай масақтарын біраз бақылаған едік. Олар сабақтарының биіктігі, сондай-ақ масағының толықтығы бойынша да жаздық бидайдан айтарлықтай ерекшеленді. Мұны көріп, арнайы егу технологиясы қолданылмаған бидайдың кәдімгі жазғы сорттары осылай өсетін болса, таңдалған күзгі дақыл қандай нәтиже берер еді деген ойға қалдық. Осы мақсатта 2019 жылдың күзінде күздік қарабидай, бидай және трикателе отырғызған едік. Әзірше, тек тәжірибелік ауқымда жүргізудеміз, деп Айдарбек Қожаназаров ойларымен бөлісті.
Тақырып бойынша оқыңыз: Қазақстанда күздік бидай шығымы жоғары болады деп күтілуде
Холдинг күздік егісті Қостанай облысының алты ауданында – Алтынсарин, Федоров, Қостанай, Меңдіғара, Ұзынкөл және Сарыкөлде жүргізді.
Егістік экологиялық және өндірістік сынақ сорттары болып екі санатқа бөлінді. Экологиялық сынаққа «Алмаз» трикателесі, күздік бидайдың «Умка», «Скипетр», «Қарабалық күздік бидайы» түрлері және «Қонақбаевты еске алу» және «Марусенька» қара бидай сорттары іріктеліп алынды.
Өндірістік ауқымда «Қарабалық күздік бидайы» және «Қонақбаевты еске алу» және «Марусенька» күздік қара бидай егілді.
Суретте: «Қонақбаевты еске алу» және «Марусенька» күздік қара бидай және «Қарабалық күздік бидайы». 2020 жылғы маусым.
Барлық дақылдар және аудандар бойынша егістіктің жалпы ауданы: экологиялық – 613 га және өндірістік – 1258 га құрады.
Суретте: «Олжа Садчиковское» ЖШС бас агрономы Ерлан Жетімеков.
- Өткен жылы өзіміз үшін 258 га алқапта қара бидайдың күздік түрін ектік, оның ішінде 158 га «Қонақбаевты еске алу» және 100 га «Марусенька» күздік қара бидай сорттары және тағы 100 га алқапта «Қарабалық» күздік бидай ектік, - деп «Олжа Садчиковское» ЖШС бас агрономы Ерлан Жетімеков тәжірибелерімен бөлісті. – Жалпы сынақ нәтижелеріне көңіліміз толды. Рас, олар жоспарланғаннан сәл төмен болды, бірақ жаман емес. Бидайдың орташа шығымы – 36 ц/га, «Қонақбаевты еске алу» – 33,7 ц/га және «Марусенька» қара бидай сорттары 25,13 ц/га. Биыл күздік дақылдардың егіс алқаптарын кеңейтуді жоспарлап отырмыз.
Тақырып бойынша оқыңыз: Климаттың қолайсыз жағдайына бейімделген күздік бидайдың жаңа сорттары
Суретте: Андрей Каменев, «Силантьевское» ӨК аға агрономы
- Егінді жинауды бөлек әдіспен жүргіздік, алдымен құлаттық, артынан іріктеумен айналыстық- деп хабарлады «Силантьевское» ӨК аға агрономы Андрей Каменев. – Бұл астық дәнінің тұтастығын барынша сақтау, жоғары сапалы кондициялық егістік алу мақсатында жасалды. Өндірістік егістік алып жатқан 90 га егілген «Қонақбаевты еске алу» күздік бидайдың шығымдылығы18,32 ц/га жетті. Экологиялық сынақ сорттарына қара бидайдың, трикателенің күздік сорттары енгізілді. Әсіресе шығымдылығы 46,49ц/га құрайтын «Алмаз» трикателе мен шығымдылығы 34,2 ц/га болған «Умка» күздік бидайды ерекше атап өткім келеді. Биылғы жылы экологиялық сынақ барысында алынған өнімді тұқымға қалдырып, өндірістік дақылдарды кеңейтуді жоспарлап отырмыз.
Тақырып бойынша оқыңыз: Қазақстанда астық түсімі орташа көрсеткіштен жоғары болалы деп күтілуде
Жалпы, тәуекелдердің болуына қарамастан, «Olzha Agro» осы жылғы күздік дақылдардың жазғы бидаймен салыстырғанда едәуір жоғары өнім беруіне байланысты, күздік егістің өндірістік алқаптарын 14 есеге, 26 457 гектарға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Биылғы жылы күздік қара бидай бойынша орташа шығымдылық 27 ц/га, күздік бидай бойынша 26,5 ц/га және трикателенің күздік түрлері бойынша – 44,6 ц/га құрады. Қазіргі жағдайда қысқы егістік өзінің жоғары тиімділігі мен ұтымдылығын растап отыр.
Бұл ретте, холдингтегі күздік дақылдардың өңделетін сорттарының тізбесі 25 үлгіге дейін өсті, оның ішінде әртүрлі селекция – жергілікті, ресейлік және алыс шетелдік түрлері бар.