Қуаңшылық пен аптап ыстық Шығыс Қазақстандағы егін өнімділігін төмендетті

Шығыс Қазақстан өсімдік шаруашылығына қолайлы елдегі үздік өңірлердің бірі саналады. Мұнда топырақ құнарлы, жауын-шашын мол. Алайда 2026 жылы ауа райы өзгеріп, жаз мезгілінде фермерлер қуаңшылық пен жоғары температураға тап болды. Бұл дәнді дақылдардың өнімділігінің айтарлықтай төмендеуіне әкелді. Енді барлық үміт – жаппай жинау науқаны жақында басталатын күнбағыста.

 

Мал азығына қатысты мәселе болмайды

«ЕрНұр-Алтай» жас шаруашылығы ШҚО Алтай ауданының Малеев ауылдық округінде шағын алқаптарда жұмыс істейді. Егіс алқаптарының жартысына күнбағыс, қалған бөлігіне арпа егілген. Дәнді дақылдардан алынатын жемшөп шаруашылықтың директоры Ерхат Қамажанов негізгі қызмет түрі деп санайтын мал шаруашылығына қажет. Ол өсімдік шаруашылығын бастапқыда өз малына жемшөп қорын қалыптастыру үшін қолға алған. Шаруашылықта ірі қара және ұсақ мал, сондай-ақ жылқы өсіріледі.

Алайда күнбағыс өсіру бойынша аз да болса тәжірибе жинақтағаннан кейін фермер өсімдік шаруашылығынан да жақсы табыс табуға болатынын түсінді.

Әрине, биылғы жыл қолайсыз болып, шаруашылықта жоғары өнім күтілмейді. Бұл жағдай көрші шаруашылықтардың басым бөлігінде де байқалады. Арпа қазірдің өзінде жиналып, гектарынан 25 центнер өнім алынды. Бұл өңір үшін әдеттегі көрсеткіштен төмен. Қолайлы жылдары мұнда бұдан екі есе жоғары өнім алуға болады. Дегенмен қыста малды жемшөппен қамтамасыз етуде мәселе болмайды.

- Әрине, мұндай нәтижемен мақтана алмайсың, бірақ ағымдағы маусым үшін бұл жаман емес, - деп атап өтті Ерхат Қамажанов.

 

Тұрақты «ондық»

Ал күнбағыстан күтілетін нәтиже жақсырақ. Бұл дақыл қуаңшылыққа төзімдірек, ал қолданылған агротехнологиялар жоғары температуралық күйзеліс жағдайында да оның дамуын қамтамасыз етті. Жинау жұмыстары қазан айының басында басталады деп жоспарланып отыр.

– Бізде «ондық» деп аталатын, Pioneer компаниясының сыналған P63LE10 буданы егілді, – деді Ерхат Қамажанов. – Оны үшінші жыл қатарынан егіп келеміз, нәтижесіне толық қанағаттанамыз. Сондықтан басқа тұқымдармен тәжірибе жасап көргіміз келмейді. «Ондықтың» вегетациялық кезеңі қысқа, бұл біз үшін өте маңызды. Жалпы, біздің климат жағдайымызда ол тұрақты әрі жақсы нәтиже көрсетіп келеді.

 

«Эридоннан» антистрессант

«Эридон Қазақстан» компаниясының ШҚО бойынша өңірлік директоры Иван Самошкиннің айтуынша, әдетте өңірде вегетациялық кезеңде 250 мм-ге дейін жауын-шашын түседі. Алайда биыл оның мөлшері небәрі 50 мм шамасында болды. Оның үстіне ауа температурасы әдеттен тыс жоғарылап, +40 градусқа дейін жетті. Сондықтан өсімдіктер қатты күйзеліс жағдайында дамыды.

«ЕрНұр-Алтай» ЖШС егістіктеріне күйзеліс жағдайын жеңіл өткеруге тұқымды себу алдында «БлэкДжек» + «МиллерСтарт» препараттарының қоспасымен өңдеу және вегетациялық кезеңдегі өңдеулер де көмектесті. Күнбағыста «Терра-Сорб Фолиар» антистрессанты қолданылды.

– Бұл препаратты гербицидпен бірге бак қоспасына қосқанымыздың арқасында күнбағыс химиялық әсерден зардап шекпей, өсуі мен дамуын тоқтатпады, – деп қосты Иван Самошкин. – Менің ойымша, мұнда өнімділік шаруашылық иесі күткендей болады.

Өткен жылы «ЕрНұр-Алтай» ЖШС күнбағыстан гектарына 30 центнерге дейін өнім алған. Биылғы көрсеткіш қандай болатынын комбайн бункері көрсетеді.

Ерхат Қамажановқа аграрлық маусымды сәтті аяқтауды тілейміз!

Ал біз АгроКеруен Егін 2026 жобасын қорытындылап, жобаны қолдаған серіктестерімізге алғыс білдіреміз:

«Эридон Қазақстан» - әлемдегі ең үздік өндірушілердің агрохимия мен тұқымдарын жеткізуші

Pioneer Seeds - жоғары сапалы тұқым жеткізушісі

«Астық Транс» - астық таситын вагондардың жетекші операторы

JAC - Қазақстанға автокөліктердің ірі жеткізушілерінің қатарына кіретін Allur тобының бренді

Сергей Буянов

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.