АгроКеруен Сүт 2023

АгроКеруен Сүт 2023 науқанын ElDala.kz командасы  ІҚМ сүтті және аралас тұқымдарының республикалық палатасының, Westfalia Қазақстан компаниясының және BaiBolsyn ашық аграрлық нарығының қолдауымен өткізеді.

Үшінші жыл қатарынан шілде айында біз еліміздің ең озық сүт-тауар фермаларына екі апталық сапар ұйымдастырып, олардың даму тәжірибесі туралы бөлісеміз. Осы жылдар ішінде еліміздің түрлі өңірлерінде ондаған СТФ-ге барып, біз бүгінгі таңда сүт саласы — Қазақстанның барлық агроөнеркәсіптік кешенінің ең бәсекеге қабілетті секторы екендігіне күмәніміз жоқ.

Ағымдағы маусымда АгроКеруен Сүт 2023 бағдары алты өңірде: Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Қостанай, Ақмола, Павлодар, Алматы облыстарында сүт фермаларында болады. ElDala.kz порталында 17-29 шілде аралығында фермалардан толық репортаждарды оқыңыз, АгроКеруен Сүт 2023 қозғалысын біздің әлеуметтік желілерден және YouTube арнасынан қадағалаңыз.