Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Аквафермаларға клариас лақасын өсіру ұсынылуда
«Балық шаруашылығы» ғылыми-зерттеу орталығы 10 жылдан бері Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің құрамында жұмыс істеуде. Оның міндеті балық шаруашылығының негізгі салаларын дамыту, сонымен қатар ғылым мен практиканы үйлестіру. Атап айтқанда, аква өнімдерді кәсіпорындар үшін жасау және дамыту жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Бағалы «африкалық» балық
Соңғы жылдардағы ең қызықты жобалардың бірі - африкалық клариас лақасын тәжірибе ретінде өсіру болып табылады.
2015 жылдан бастап «Балық шаруашылығы» ғылыми-зерттеу орталығының мамандары балықтың осы түрін өсірудің және ұстаудың заманауи әдістерін ойластыруда. Нәтижесінде жас балықтардың өміршеңдігі жоғары және тез өсетіндігі анықталды. Африкалық лақа балықтарына деген тапсырыстар еліміздің барлық аймақтарынан, соның ішінде Атырау, Қостанай, Қарағанды, Алматы, Павлодар және басқа облыстардан келе бастады.
Сонымен қатар, Орталықтың мамандары қазір тұйықталған су жүйесін жасап, кәсіпкерлер үшін әртүрлі типтегі балықтарды, соның ішінде клариас лақасын өсіре бастады.
Жақсы қасиеттеріне қарай бұл «африкалық» тұқым өнеркәсіптік балық шаруашылығында таралған: аквафермерлер оны тез өсетіндігіне (6 айда 1 кг қосады), етінің дәмділігіне қызығады және кез келген жерде ұстауға болады. Бүкіл әлемдегі балық өсірушілер арасында клариас лақасына деген сұраныс артып келеді.
Субсидия берудің жақсы жағы
ҚазАТУ мамандарының зерттеулерінің нәтижелері бойынша клариас лақасын өсірудің бірнеше оңтайлы тұстары бар:
-салынған инвестиция тез қайтарылады, өйткені алты айда балық үлкейіп, оны сатып пайда түсіруге болады;
- аталған балықты өсіруге үлкен орын қажет емес, оны орналастырудың тығыздығы (200 кг / м3-тен астам), бұл басқа балықтармен салыстырғанда бір ауданға 4 есе көп балық өсіруге мүмкіндік береді (мысалы, форель мен бекіренің тығыздығы 50 кг / м3-тен аспайды);
- балық кейбір сыртқы факторларға өте төзімді, мысалы, судағы оттегінің мөлшеріне, судың ағысының жылдамдығының жоғары болуына, органикалық қосылыстардың мөлшеріне деген төзімділігі жақсы.
Клари лақысында осындай және басқа да жағымды қасиеттері үшін оны көп өсіруге себеп болады.
Тақырыпты оқу: ҚазАТУ ғалымдары Ақмола облысындағы ең қауіпсіз деген балық түрлерін атады
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың басында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі балықты ең маңызды әлеуметтік азық-түлік түрлерінің қатарына қосқан болатын. Шынында да, 2019 жылы Қазақстанның балықпен өзін-өзі қамтамасыз етуі 60,8% -ды ғана құрады.
Аталған өнеркәсіптің дамуын ынталандыру үшін балық өсіру кәсіпорнын - жасанды фермаларды және сумен жабдықтау қондырғыларын құру үшін субсидия берілетін инвестициялық жобалардың санатына қосу туралы шешім қабылданды.
Екі есе өсу
ҚазАТУ ғалымдары атап өткендей, балық еті – адам организмінде синтезделмеген омега-3 май қышқылдарының негізгі көзі болып табылады. Олардың жетіспеушілігі жүрек-қан тамырлары ауруларының дамуына әкеліп соғады. Қазір Қазақстан халқы бұл ауруға шалдығу бойынша екінші орында (100 мың тұрғынға 11 751,1 жағдай) тұр.
Қазіргі таңда қазақстандықтардың балық өнімдерін тұтыну мөлшері адам басына шаққанда жылына 13 кг-нан аспайды, ал әлем бойынша орташа есеппен алғанда жылына18 кг. Сондықтан да бұл саладағы бизнестің болашағы жарқын, өйткені егер нарықта сапалы және қол жетімді өнімдер болса, оларға сұраныс тұрақты болады және 1,5 - 2 есе артады.
ҚазАТУ мамандары бір Алматы облысында балық өндірісінің әлеуеті жылына 10 мың тонна деп бағалап отыр.