Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Аграрлық ғылыми орталықтар аудиті жемқорлық іздерін анықтады
Қазақстанның жекелеген аграрлық орталықтарында сыбайлас жемқорлық белең алуда. Бұл туралы Facebook-те ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» ҰАҚ басқарма төрағасы Ақылбек Күрішбаев жазды.
АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына ҚазАТУ базасында заманауи зерттеу университетін құру бойынша ұсыныс енгізілді. Жоспардың негізгі шараларының бірінде университет құрамына үш ҒЗИ және ауыл шаруашылығы тәжірибелік станциясын беру арқылы өндірістік-ғылыми базаны нығайту болжанды.
Тақырып бойынша оқыңыз: «ҚазАТУ Қазақстандық жоғары оқу орындарына деген сұраныс рейтингінде екінші орын алды»
Алайда, жоспарлардың орындалуы ұзаққа созылып, шараларды іске асыру кестесі бұзылды. Ғалымдарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне тікелей үндеу жасап, ойға алған істерін жүзеге асыру туралы оң шешімді бірнеше ай бойы күтуге тура келді.
Ақылбек Күрішбаев осы жылдың мамыр айының соңында ғана ҚазАТУ-ды заманауи зерттеу университетіне айналдыру процесінің іске қосылғанын хабарлады. Соның ішінде, оның құрамына Бараев атындағы астық шаруашылығы ҒӨО, Қазақ орман шаруашылығы және агроорман мелиорациясы ғылыми-зерттеу институты, Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институты және Солтүстік Қазақстан ауылшаруашылық тәжірибе станциясы сияқты ғылыми орталықтар кірді.
Тақырып бойынша оқыңыз: ҚазАТУ трансформациясы өз дипломдарының халықаралық деңгейде танылуына көмектеседі
ҚазАТУ ректоры істің орнынан қозғалғаны үшін ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровқа және Мәжілістің вице-спикері Владимир Божкоға алғысын білдірді.
«Өкінішке орай, осындай жүйе құру қажеттілігін дәлелдеу үшін біздің университет ұжымына көп уақыт қажет болды. Жұмыс барысында түсінгеніміз, біздің мемлекеттік органдарда бюрократия, құлықсыздық және өз бетінше маңызды шешімдер қабылдау қиын екенін, өкілеттік берілген шенеуніктерден қорқу жағдайлары бар екенін түсіндік», - деп жазды ойын Ақылбек Күрішбаев.
Алайда, бұл қабылданған шешім тек бастапқы қадам болатын. Одан әрі бірыңғай құрылымға басқа қатысушыларды, оның ішінде ҒЗИ және СҚАШТС қызметінің аудитін кірістіруге бағытталған әрекеттер басталды.
Тақырып бойынша оқыңыз: ҚазАТУ ректоры сенат депутаттығына кандидат ретінде ұсынылды
Міне, осы тұста процестің созылу себептері әшкереленді. Бұл туралы Ақылбек Күрішбаев 26 шілдеде өзінің Facebook-тегі парақшасында жариялады. ҚазАТУ ректоры аудиттің алғашқы нәтижелерінің өзі-ақ ғылыми мекемелер белшесінен батып отырған жемқорлық туралы хабарлады.
«Ғылыми-зерттеу институтын біздің университеттің құрамына беруге қарсыластар жеткілікті болды. Олар университеттің ішінде де, оларға «жетекшілік етушілердің» арасында да кездесті. Міне, қосылу бойынша шешім мәресіне жетіп, аудит басталған кезде қарсыласу себептерін көрудеміз. Ғылыми ұйымдағы орташа шығымдылық аудандағы орташа көрсеткіштен де төмен! Астық пен тұқым баға түскен кезде,кейде тіпті алдын ала төлемсіз сатылған. Ал несие кіріптарлық шарттарда алынған», - деп Ақылбек Күрішбаев аудиторлар тап болған жемқорлық белгілерін атап өтті.
Тақырып бойынша оқыңыз: «Санды» технологияның фермерлер үшін пайдасы
Бұл ретте, ҚазАТУ ректоры университет құрамына кіретін құрылымдарда цифрлық технологияды қолдана отырып, ашық мониторинг жүйесін енгізу арқылы күмәнді операцияларды тоқтатуға уәде берді. Ол егістен бастап ораққа дейінгі бүкіл өндірістік процесті бақылауға мүмкіндік бермекші.
«Менің ойымша, енді тәжірибелі алқаптардан шығымдылығы жоғары өнім алынады», - деп түйіндеді Ақылбек Күрішбаев.