Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Фермерлер мен ет өңдеушілер президенттен мал экспортына мораториді ұзартуды сұрайды
Қазақстанның ет өңдеу кәсіпорындары қауымдастығының мүшелері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа елден мал экспортын жалғастыруға жол бермеу туралы өтініш айтып, жүгінді. Сондай-ақ, мемлекет басшысына жолдаған хатқа Shopan Atа ұлттық қой өсірушілер қауымдастығы мен Қазақстан фермерлер қауымдастығының басшылары қол қойды.
Еске салсақ, 2018 - 2019 жылдары өзбек фермерлері Қазақстаннан ірі және ұсақ малды жаппай сатып ала бастаған болатын. Атап айтқанда, асыл тұқымды мал мыңдап экспортталды. Бұл Қазақстан Республикасында мал шаруашылығы саласының одан әрі дамуына кедергі болды. Сонымен, экспортталған 270 мың бас ұсақ малдың ішінде аналық мал 19 мың бас болатын. Ал 170 мың ірі қараның 6 мыңнан астамы сиыр еді.
Тақырыпты оқу: Қытайға мал экспорттау ет бағасын қымбаттатады
Нәтижесінде, ет пен малдың бағасы 2018 жылдан бастап 24% және 22% өсті, бұл елдегі әлеуметтік тұрмыстың қиындауына себеп болды.
Сонымен қатар, ірі қара мал етін жаппай экспорттау отандық өңдеушілерді шикізаттан айырды, ет өңдеу зауыттарының жүктемесін-жұмысын тұралатып,40 - 45% -дан 20 - 25% -ға дейін төмендетіп жіберді.
Тақырыпты оқу: Қазақстан Қытайға қандай ет сатуы тиіс
Мал шаруашылығы мен ет өңдеу саласы үшін қауіпті процесті тоқтату мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 2019 жылдың басында Қазақстаннан мал экспортына мораторий енгізді. Сәуірде бұл жарлық қазан айына дейін ұзартылды. Алайда, кәсіпкерлер бұл шектеу жақын арада тоқтатылып, тағыда дүрбелең басталады деп қауіптенуде.
«Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына Жолдауыңызда ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше назар аударғаныңыз үшін ризашылығымызды білдіреміз.
Біз сіздің ауыл шаруашылығындағы шикізат шығарып сатудың орнына қосымша құн қосылған ірі жобаларды жасау туралы ұсынысыңызды толықтай қолдаймыз», - деп жазды хат авторлары. Басты идея - шикізатты (малды) емес, еттен өнім жасап, шетелге сату арқылы бүкіл мал шаруашылығының табысын арттыру қажеттілігін атап айтты олар.
Тақырыпты оқу: Малды шетелге сатуға салынған тыйымды 5 жылға дейін ұзарту ұсынылды
Хат авторлары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жыл сайын саясатын өзгертеді, бұл саланың дамуына кедергі келтіреді, аграршылар ұзақ мерзімді стратегия, жоспар құра алмайды, деп жағдайдың қиындығын айтты.
«Қазіргі уақытта, малды шетелге шығару туралы тыйымның салынғанына небәрі 8 ай өтті, ал Ауыл шаруашылығы министрлігі асыл тұқымды малдан басқа, ірі қара мал мен ұсақ малдың барлық түрлерін экспорттауға салынған бұл тыйымды алып тастайтын бұйрық әзірледі. Айта кету керек, дамыған елдерде мұндай қаулылар шығарылмайды. Оларда ішкі нарыққа зиян келтірілмей, отандық өнімнен артылса ғана мал экспортталады», - деп атап өтті хат авторлары.
Тақырыпты оқу: Қазақстандағы ІҚМ импорттайтын ТОП-25 компания
Мемлекет басшысының атына жазылған жолдауда шекараның ашылуы салдарынан болатын бірқатар жағымсыз мәселелер көрсетілген: ел ішіндегі шикізат тапшылығы ет тоқырауын күшейтеді. Бұл жұмыс орындарының қысқаруына және салықтың азаюына ғана емес, сонымен қатар валюта түсімдерінің жетіспеуіне әкеледі. Дайын өнімді емес, шикізатты сату арқылы ел жылына 200 миллион доллар шығынға ұшырайды. Он жылдан кейін бұл шығын 2 миллиард долларды құрайды.
«Бұл сіздің Қазақстан халқына жолдауыңызда айтылған ережелерге қайшы келеді. Сонымен қатар, елдің агроөнеркәсіптік және экспорттық саясатындағы тұрақтылықтың болмауы бизнес үшін алдағы жоспарды белгісіз етіп, қиындық тудырады және шетелдік инвесторларды шақыруға кедергі келтіреді», - деп түйіндеді хат авторлары.
Жоғарыда айтылған дәйектерді ескере отырып, ет өнімдерін қайта өңдеушілер мен фермерлер Қазақстан Президентінен үкіметке осы саланың жетекші елдерінің үлгісіне сүйене отырып жасауды, республикада тұрақты мал шаруашылығы және ет өңдеу өнеркәсібін құруға дейін малдың барлық түрлерін экспорттауға толық тыйым салуды қамтамасыз етуді тапсыруды сұрайды.