Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Өзбекстандықтар Қазақстаннан қозыларды жаппай сатып алуда
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің тірідей ірі қара малды, яғни бұқа мен қойды шетелге экспорттауға рұқсат беру туралы шешімі нарықты одан әрі даурықтыруда. Осыдан екі ай бұрын, аталған бұйрық жаңадан қабылданған кезде,Eldala.kz ауыл шаруашылық саласындағы сарапшы, Shopan-atа қой өсірушілер ұлттық қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаевтан қабылданған шешімге байланысты ойын айтуды сұрады.
Тақырыпқа байланысты оқу: АШМ бұқа мен қойды экспорттауға рұқсат берді
Ол кезде Алмасбек Садырбаев бұл шешімге теріс пікір білдіріп, біздің мал шаруашылығымыздың болашағына алаңдаушылық танытқан болатын.
Біз елдегі осы мәселеге байланысты жағдайды қадағалап отыруды жөн көрдік және біраз уақыт өткендіктен қайтадан Алмасбектен осы жайды сұрадық. Берілген рұқсаттан кейін, фермерлердің жағдайы жақсарды ма, жоқ па, жоқ па және осы мәселенің мән-жайын анықтау үшін, оның пікірі қандай екенін білу үшін тағы да жүгіндік.
- Иә, біздің елде асыл тұқымды малдан айрылу қаупі бар, - деп Алмасбек Садырбаев сөзін сенімді айтты. - Менде бейне таспаға жазылған материал бар, оны сізге жіберемін,онда Өзбекстандағы біздің әріптестеріміздің қозыларды қалай жаппай қабылдап, алып жатқанын көре аласыздар, яғни асыл тұқымды мал ғана емес, қошқарларды емес, тіпті жай қозыны жа сатып алуда.
Тақырыпқа байланысты оқу: АШМ –ның кінәсінен ет бағасы қымбаттауда
Сарапшының пікірінше, әлі күнге дейін тірі малдың экспорты Қазақстанға ешқандай пайда әкелмегенін айтты, оның тиімді болары екіталай.
- Ең өкініштісі біздің елге басқа мемлекеттердің агрессиялық саясаты зиянды емес, өз үкіметіміздің құлықсыздығы, немқұрайлылығы кері әсерін тигізіп жатқандығы нағыз қорлау болып отыр, - дейді Алмасбек Садырбаев. - Жеке бас пайда үшін, біздің жергілікті қазақстандық агро-олигархтардың пайдасы үшін бәрін сатуға дайын.
Мал экспортын жақтаушылар аталған тыйым салу қарапайым фермерлерге кедергі болады, ал шетелге экспорттау пайда әкеледі, қарапайым мал өсірушілерге өздерінің материалдық жағдайын жақсартуға, қосымша мүмкіндіктер туғызады деп айтқан еді.
Тақырыпқа байланысты оқу: Алмасбек Садырбаев – мал шаруашылығына қауіп төніп тұр
Шындығында да қазіргі кезде қарапайым фермерлерге пайда түсіп жатыр ма?
«Аузыздары көпіргенше айтып, тірі малды экспортқа шығарушылар бұл шешім біздің фермерлерге үлкен пайда әкеледі, бұл оларға көбірек ақша түсіреді деп сендірген еді», - деп еске алады Алмасбек Садырбаев. - Ал, енді қазір жағдай қандай? Барлығы: біз қазақстандық ірі компаниялардың сатып алу бағасын қарастырамыз дейді. Ірі қара малдың тірілей салмағы 850 теңгені құрайды. Яғни, сол баяғы баға. Бұл жерде қарапайым фермерлер бір тиын да пайда тапқан жоқ. Үкімет ірі агро-олигархтардың жетегіне еріп, солардың бизнесін тиімді етіп, жағдайын жасап жүр. Қарапайым фермер малдарын экспортқа шығара алмайды, мен мұны бұрын да айтқан болатынмын. Нақты 4-5 ірі компания ғана қазіргі уақытта өздерінің мүдделерін қорғап, белсенді түрде малдарын экспорттаумен айналысады. Қарапайым фермер мұндай жағдайда ұтылады. Тек фермер ғана емес, бүкіл ел шығынға ұшырап, ұтылып жатыр. Себебі қазір елден қаншама бас мал сыртқа кетті десеңізші. Бұл асыл тұқымды мал біздің стратегиялық ресурсымыз емес пе?
Тақырыпқа байланысты оқу: 2021 жылы ет бағасы қандай болады
Қазіргі таңда қойдың бағасы өсе бастайды. Себебі базардан тірі қой табу қиын. Енді ет бағасы қымбаттайтын болады, бұл жағдай әрине, халықтың әл-ауқатына да әсер ететін болады. Біз сиыр мен қой етін тұтынушылар туралы ұмытпауымыз керек. Еттің бағасы қазір маусымға қарай қымбаттайды, көресіздер. Нәтижесінде біз ақырындап басқа елдің агроколониясына айналамыз. Қытай емес, АҚШ емес, Ресей емес, біз Өзбекстанның ауылшаруашылық колониясына айналып отырмыз. Бұл ұят нәрсе, дегенмен оны мойындауымыз керек.
Статистикаға сүйенсек, 2020 жылғы қарашада мал экспортына мораторий аяқталғаннан бастап, ай сайын Қазақстаннан орташа есеппен 10 мың бас ірі қара мал мен 10 мың бас ұсақ мал шығарылды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 10-шы ақпанда бұқалар мен қойларды экспорттауға квота белгілеуі керек еді, бірақ бүгінгі күнге дейін олай жасаған жоқ. Сондай-ақ, саулық малдың сыртқа шығарылуында тиімді шекаралық бақылау әдісі жасалмады.