Бауыржан Абызбаев Ветеринарлық бақылау комитеті төрағасының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды

Бауыржан Абызбаев ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.

Аталған қызметке тағайындалғанға дейін Бауыржан Абызбаев Алматы қаласы бойынша ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясын басқарды.

Б.Абызбаев 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ ұлттық аграрлық университетін мал дәрігері (2005) және заңгер мамандығы бойынша бітірген (2011).

Алматы қаласындағы АӨК-тегі мемлекеттік инспекция комитетінде аумақтық инспекцияның ветеринариялық инспекция бөлімінің жетекші маманы, бас маманы жұмыстарын істеді (2006-2013); Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бөлімінің бастығы (2013-2015) қызметінде болды.

Тақырыпқа байланысты оқуМал дәрігері мамандығының тапшы болуы Қазақстан үшін қандай қауіп төндіреді

2015 жылдың ақпан айынан бастап Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы бастығының орынбасары, ал 2019 жылдың маусым айында Алматы қаласы бойынша Ветеринариялық бақылау комитетінің аумақтық инспекциясын басқарды.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.