ҚР фермерлеріне сәбіз жинайтын SIMON комбайндары ұсынылды

Ағымдағы жылғы ауыл шаруашылығы маусымының басталуына дейін CT AGRO компаниясы француздық SIMON атты сәбіз жинайтын комбайндарды Қазақстанға әкеле бастады. Аталған техника ассортиментіне бір, екі және үш қатарлы тіркеме көтергіш модельдер, сондай-ақ монтаждалған бір қатарлы жабдықтар  және бақылау кестесі бар құралдар кіреді. Бұл туралы CT AGRO баспасөз қызметі хабарлады.

«Француздық SIMON техникалары сәбіз және басқа да көкөніс дақылдарын жинауға арналған жоғарысапалы машиналарды жасау мен өндірумен айналысады. Бұл компанияның комбайндары егін жинау процесін автоматтандыру жабдықтарымен  ерекшеленеді және шағын шаруа қожалықтарына да, ірі компанияларға да арналған жабдықтар шығарады. Модификацияға байланысты комбайндар 3-тен 10 тоннаға дейінгі бункермен, бір немесе екі конвейермен жабдықталған», - деп хабарлады компания өкілдері.

SIMON комбайндары сәбізді сабағынан үзбей ақ жинай алады. Тамыры бар дақылдар топырақтан екі қатарлы арнайы белдіктердің көмегімен шығарылады, резеңке жабдықтармен топырағы тазартылады, содан кейін арнайы белдіктер арқылы сәбіздің сабағынан тазаланады . Осыдан кейін тамырлы дақылдар элеватормен контейнерлерге немесе қатар жүрген көлікке жіберіледі.

Тақырыпқа байланысты оқуDeutz-Fahr ауыл шаруашылық техникалары Қостанайда құрастырылатын болады

Компанияда хабарлап өткендей, бұл әдіс дақылдардың аз шығынмен жинап, сапалы өнім алуды қамтамасыз ететін ең тиімді құралдардың бірі болып табылады. Сондай-ақ, әсіресе қазақстандық нарық үшін, S2 белгісі бар модельдер өнімді жинау кезінде бірден қапқа салу мүмкіндігімен жабдықталған.

SIMON сәбіз жинайтын комбайндарды пайдалану кезінде моделіне байланысты қуаты 70-тен 130 ат күшіне дейінгі тракторларды тарту машиналары ретінде пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар, өнімділігі ауысымына 1-ден 3 гектарға дейін жетеді, жинау жылдамдығы 8 км / сағ дейін қамтамасыз етіледі. Сыйымдылығы бойынша 1 тоннаға дейінгі жететін үлкен қаптарға салуға болады.

«Қазіргі кезде барлық көкөніс дақылдарының ішінде сәбіз 100 т / га-дан жоғары өнімділік алуға болатын ең тиімді өнім болып саналады. SIMON комбайндары тек өнімділікті ғана емес, сонымен бірге тамырлы дақылдарды сапалы тазартумен ерекшеленеді, бұл тек жинап қана қоймай, сонымен қатар өнімді ұзақ сақтау үшін де маңызды», - деп түсіндірді CT AGRO-ның суару және көкөніс өсіру бөлімінің бастығы Антония Штанке.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.