Сенатор Асыл Түлік қызметін кеңінен қолдануды ұсынды

Парламент cенатының депутаты Ақылбек Күрішбаев шаруашылықтарда сүт өндіруді арттыру үшін «Асыл түлік» асыл тұқымды орталығының қолдан ұрықтандыру жұмыстарын бүкіл республика аймағында кеңейту қажет деп санайды. Депутат ҚР премьер-министріне өтініш жазып жүгінді.

«Мал шаруашылығында селекциялық-асылдандыру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Аталған сала мамандарының пікірі бойынша, Беларуссияда сүтті ірі қара малды қолдан ұрықтандыру шаралары 95%-ды құрайды, Украинада - 90%, Ресейде - кемінде 70%, Өзбекстанда - 55%, ал Қазақстанда ол 15% -дан аспайды. Бұл көрсеткіш елдегі асыл тұқымды жұмыстармен айналысу қаншалықты артта қалғанымызды білдіреді. Егер бұл жағдайға жем-шөп базасындағы мәселені, сонымен бірге заманауи фермалардың салынбауын қосатын болсақ, Беларуссияға қарағанда 2 есеге артық  2,7 млн сауын сиыр ұстап, не себепті өз халқымызды сүт өнімдерімен қамтамасыз ете алмай отырғанымызды түсіну қиын емес», - деп жазылды аталған сауалда.

Ақылбек Күрішбаевтың айтуынша, көптеген елдердің барлығында ауыл шаруашылық малдарының тұқымдық қасиеттерін жақсарту үшін мемлекеттік асыл тұқымды орталықтар ұйымдастырылған. Олар тұқым алу үшін шетелден элиталық бұқаларды  әкеліп,фермаларда және жеке фермаларда мал тұқымын қолдан ұрықтандыру үшін қолданады.

Осы орайда, депутат ауыл шаруашылық малдарын қолдан ұрықтандыру үшін және елімізде ауқымды жұмыстар жүргізу мақсатында «Асыл түлік» асыл тұқымды орталығының қызметін қолдануды ұсынды.

Тақырыпқа байланысты оқуАсыл Түлік асыл тұқымды орталық ШҚО-да өз бөлімін ашады

Ол сондай-ақ селекциялық-асыл тұқымды бизнесті дамытудың арнайы бағдарламасын жасап, оны жүзеге асыру қажет деп санайды.

Ақылбек Күрішбаевтың айтуынша, «Асыл түлік» АҚ қызметіне шамамен жылына 698 млн теңге жұмсалады.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.