Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Астық қоры нарықтағы жағдайды реттеу үшін қолданылатын болады
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 19 наурыздағы бұйрығы бойынша астықтың резервтік қорын қолдану ережесі бекітілді. Аталған құжатта Азық-түлік келісім шарт корпорациясы жыл сайын жинайтын астық қоры қажет болған жағдайда ұн бағасын реттеу үшін пайдаланылатындығы көрсетілген.
Бұл ережеге сәйкес Азық-түлік келісім шарт корпорациясы жыл сайын 500 мың тонна көлеміндегі астықтың резервтік қорын қажет болған жағдайда жаңартып отыруы тиіс. Құрылған қор төтенше жағдайлар кезінде, сондай-ақ ішкі нарықты реттеу керек болған кезде қолданылады.
«Ішкі нарықты реттеп, бағаға әсер ету мақсатында ұн тарту диірмендеріне азық-түлік астығын жеткізуді операторлар 1 қаңтар мен 1 маусым аралығында уәкілетті органның жазбаша сұранысы негізінде жүзеге асырады.Осы жағдайға байланысты уәкілетті органның облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі нарыққа ықпал етуі үшін қажетті астық көлемі өтініштер негізінде жазбаша түрде жасалады», - деп көрсетілген құжатта.
Тақырыпқа байланысты оқу: Продкорпорация закупит 500 тыс. тонн зерна в резервный фонд
Сақталатын астық қолхат арқылы қойма қызметін көрсетуге лицензиясы бар астық қабылдау кәсіпорындарында жиналады. АҚК-ны операторлар ішкі нормативтік құжаттарда белгіленген тәртіп бойынша таңдайды.
Өткен жылдың желтоқсан айында Қазақстан астық туралы заңға азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында резервтік қор құруды қарастыратын түзетулер енгізді. Аталған астық қорын сақтау үшін жыл сайын 2,4 млрд теңге жұмсалады. Сонымен қатар, бұл заң мал және құс шаруашылығы үшін жем-шөп базасын дамытуға, тұқым мен жемшөп қорын қалыптастырудағы жоғары сапалы тұқым өндірісін арттыруға бағытталған.