Неліктен Қазақстанда астықтың 25% жыл сайын ысырап болады?

Жоғары өнім жинауға- өнімнің сапасы, еңбек өнімділігі және топырақтың құнарлылығы барлығы әсер етеді, сонымен қатар ауыл шаруашылығы  өнімдерін дұрыс сақтай білу де басты көрсеткіштердің бірі болып табылады. Егінді өсіріп, жинап қана қоймай, оны шашпай –төкпей, шығынсыз сақтау маңызды. Қазақстанда бұл басты мәселенің бірі  болып тұр: статистикалық мәліметтерге сәйкес, ел жыл сайын жиналған өнімнің 25% астықты жоғалтады.

Алқаптан орылған егісті сатуға дейінгі аралықта өнімнің бір бөлігі жоғалады. Бұл әртүрлі себептерге байланысты, бірақ шешуші фактор – ауыл шаруашылық процестерін басқарудағы дұрыс тәсілдердің қолданылмауынан болады.

Статистика көрсеткендей, біздің фермерлердің тек 10% -ы өз жұмысында заманауи жаңа технологияларды қолданады, ал Еуропада шаруа қожалықтарының 70% -дан астамы белсенді түрде пайдаланады. Ақпараттық технологияларды өз жұмысына енгізген фермерлер өздерінің тиімділігі мен рентабельділігін 20% арттыра алғанын  түрлі зерттеулер көрсетіп отыр. Бұл туралы ElDala.kz порталына  Egistic компаниясының бас директоры Жандос Керімқұлов аталған жағдай туралы айтты.

 

Егінді ғарыштық құралдармен бақылау

2018 жылдан бастап Egistic өсімдіктерді басқару жүйесі біздің елде жұмыс істейді, бұл фермерлерге өз шаруашылықтарын басқаруды оңтайландыруға көмектеседі. Жүйе қашықтықтан зондтау технологияларын, жоғары дәлдіктегі жерсеріктік навигацияны, геоақпараттық жүйелер мен машиналық оқыту технологияларын қолдана отырып, өңделген аймақтарды бақылау мен басқарудың кешенді жүйесін енгізуге негізделген.

- Біздің компания фермерлерге ақпараттық бағдарлама жасайды, сол арқылы  ғарыштық бақылауды қолдана алады. Бұл құралдар оларға дәл ақпарат алуға және  ауыл шаруашылық қызметін тиімді қолдануға мүмкіндік береді, - деді Жандос Керімқұлов (суретте). - Еуропалық ғарыш агенттігінің жер серіктері кескіндерді 3-5 күн сайын жаңартады, олар біздің бағдарламада өңделіп, жаңартылып отырады. Egistic-ті қолданатын әр фермер өз сайтының кадастрлық нөмірін енгізе алады және ол картада көрсетіледі. Сол арқылы фермер өсімдіктің өсуін, азот деңгейін, егіндіктегі ылғалды және т.б.жағдайларды қадағалай алады, Бұл құрылғылар мәліметтерді сақтап, егіндіктің дамуын, жердің сапасын,егіндіктің ластануын бақылай алады.

 

Бұрынғы тәсілге қарағанда ыңғайлы құрылғылар

Әзірге барлық фермерлер мұндай технологияларды қолданудың ыңғайлылығы мен артықшылығын біле бермейді. Көпшілігі бұрынғы әдіске сүйене отырып, топырақ пен екпелердің жай-күйін көзбен анықтап, өздерінен бұрынғылар сияқты тәсілмен жұмыс істеп жалғастыруда. Кейбіреулер ғарыш арқылы жерді көрудің қажеті не деп ойлайды, оның орнына алқапты айналып шығу жеткілікті санайды.

Тақырыпқа байланысты оқу: Санды технология жүйесінің пайдасы

- Бұл ыңғайлы, өйткені біріншіден, дәл және шынайы ақпарат алынады, екіншіден, бұрын фермер көп уақыт өткізетін көптеген жұмыстардың орнына тез істеуге болады. Мысалы, айтып өкеніміздей егіс алқаптарын қарауды, техника арқылы атқаруға болады, - деп түсіндірді Жандос Керімқұлов. - Қазір барлығы бір минуттың ішінде жасалады:суреттерді қарап, сенің егістігіңде не болып жатқандығын түсінуге болады. Сонымен қатар, ғарыштан көзге көрінбейтін нәрсені де білуге болады. Мысалы, алқаптың ортасында қандай-да бір қоқыс немесе қандай-да бір топырақтың ауруы пайда болғандығын біле аласыз. Жерді айналып өтіп, орталықта не болып жатқанын көру мүмкін емес, ал спутниктен көру өте оңай.

Бағдарламаның көмегімен сіз егілген алқаптардың ауданын дәл анықтай аласыз, тыңайтқыштар мен тұқымдарды жоспарлап себе  аласыз, соған орай пайданы есептеп, бюджетті дұрыс бөлесіз.

Egistic ауыл шаруашылығында қолданылатын GPS бақылау жүйесін жасаумен айналысады. Ол телематиканы басқару үшін қолданылады. Яғни, нақты уақыт режимінде көлік құралының жүріп өткен қашықтығы, жанармай деңгейі, жұмыс уақыты, көлік құралының орташа және максималды жылдамдығын білуге болады.

-Сіз егістіктегі барлық техниканы қолдана отырып, жұмысшыларға тапсырмалар бере аласыз, командалар бере аласыз, жұмыстың қалай жүріп жатқанын қадағалай аласыз», - деді Жандос Керімқұлов. - Машинаның немесе комбайнның, маршруттың бүкіл жүру жолын бақылай аласыз. Жұмыс қалай жүріп жатыр, қандай жылдамдықпен, аялдамалар қай жерде болды, тоқтау себептерін, бензин деңгейі және т.б. басқара аласыз. Егер машинада сенсор болса, онда бұл ақпаратты бағдарламаға қосуға болады.

 

Құрылғылардың бағасы қымбат емес

Көптеген фермерлер әлі күнге дейін мұндай технологияларды пайдалану өте қымбат деп ойлайды және мұны тек ірі шаруа қожалықтары мен ауылшаруашылық холдингтері  қолдана алады деген пікірде. Шынында да, қазақстандық нарықта мұндай шетелдік құралдардың бағасы қымбат тұрады, оларды пайдалану және сатып алу қиындау. Egistic-тің құралдарын қолдану барынша оңай және қымбат емес. Бұл кез-келген фермерге сатып алуға мүмкіндік береді және өз жұмысында ғарыштық суреттерді пайдалана алады.

Тақырыпқа байланысты оқуЦифрландыру ауыл шаруашылық холдингін басқаруды қалай жетілдіруде 

-Біздің құралдарды қолдану қаржылық тұрғыда өте тиімді, - деді Жандос Керімқұлов сенімді. - Біздің компанияның қызмет құны бірнеше есе арзан, гектарына 90 теңге, ал басқа компанияларда бұл 600 теңгені құрайды. Қазақстанда жердің көптігі бізге осындай жақсы бағаны ұстап тұруға мүмкіндік береді, біз жердің көптігінен пайда түсіре аламыз. Сонымен қатар, бізге қаржыландыруда көмектесетін стратегиялық серіктестеріміз бар. Біздің фермерлермен және ауыл шаруашылық компанияларымен тікелей жұмыс істейтініміз де қолайлы, біз өз тұтынушыларымыздың жағдайына қарай жұмыс істейміз. Ақпаратты фермерлерден аламыз, олар өздері құралдарды тексеріп, бағдарламаны жасауға қатысады.

 

Қазақстанда алғаш рет

Біздің құралдар Қазақстанда алғаш рет жасалып отыр. Аналогтары бар, бірақ Egistic қарапайым стартап жобадан үлкен бизнес деңгейіне дейін дамыған компания болып табылады.

-Нарыққа бейімделу, тұтынушылардың назарын аудару, пайдалануда қарапайымдылығы және қол жетімділігі - бұл біздің жобамыздың негізгі мақсаты - деп қорытындылады ойын Жандос Керімқұлов . Біз қарапайым фермерге дәл егіншілікпен айналысуға мүмкіндік беріп, егістікті басқаруды едәуір жеңілдетеміз. Бүгінгі күні Egistic жүйесін 1000-нан астам шаруашылық қолданады.

Қазіргі кезде ауыл шаруашылығында цифрлық технологияларды қолдану тәжірибесі ақшаның көптігінен емес, бәсекеге қабілетті болу үшін пайдаланылады. Біздің елімізде жиналған астықтың төрттен бірі ысырап болып жоғалуда.

 

Андрей Гончаров

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.