Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Нұрбек Дайырбеков Азық-түлік келісім шарт корпорациясы Директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетті
«Азық –түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы директорлар кеңесінің құрамында өзгерістер болды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында хабарланды.
Аталған хабарламаға сәйкес, Нұрбек Даирбеков директорлар кеңесінің құрамынан өз еркімен шығарылды.
Бұл енгізілген өзгерістер ескеріліп, Азық-түлік келісім шарт корпорациясының Директорлар кеңесінің құрамына алты адам кіретін болады, олар: Ербол Ахметов, Асылбек Бөрібаев, Қадірхан Отаров, Арман Оспанов, Жигули Дайрабаев, Қанат Қараулов.
Тақырыпқа байланысты оқу: Азық-түлік корпорациясы дивидендтерді төлеуге 850 млн теңгедей қаражат бөледі
Еске салып айтар болсақ, Нұрбек Даирбеков ағымдағы жылдың мамыр айында жазған өтініші бойынша, ҚР АШМ вице-министрі қызметінен босатылды.
Нұрбек Дайырбеков 1973 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Ленин комсомолы атындағы Новосибирск мемлекеттік университетін, ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын бітірген.
Еңбек жолын 1994 жылы бастаған. Әртүрлі жылдары ол коммерциялық секторда және мемлекеттік органдарда жұмыс істеді.
2019 жылдың сәуір және қарашаайлары аралығында «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ басқарушы директоры қызметін атқарды.
Ол 2019 жылдың қарашасында Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.