Данил Воропай: АгроКараван ауылшаруашылығы саласын біріктіреді

АГРОКАРАВАН СЕРІКТЕСІ- «Б-АГРО» КОМПАНИЯСЫ

ElDala.kz порталының командасы АгроКараванға жол тартты. 10-27 мамыр аралығында, екі апта бойы біз көктемгі егіс барысы туралы хабарлап айтатын боламыз. Қазақстанның астықты алқаптарынан күнделікті репортаждар жүргізетін боламыз. Негізгі бағытымыз алты облыс болмақ, олар: Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Қарағанды.

АгроКараванның  серіктестері ауыл шаруашылығы техникасын жеткізуші (Ростсельмаш), Минералды тыңайтқыштарды шығарушы ("Казфосфат") және жоғары сапалы тұқымды сатушы ("Б-Агро") компаниялары болып табылады. Жобаның басталуына дейін біз осы компаниялардың әрқайсысы туралы хабарлайтын боламыз.

Алғашқы әңгімемізді Өскеменде орналасқан «Б-Агро» компаниясынан бастайық. Кәсіпорынның негізгі қызметі-жоғары сапалы күнбағыс және жүгері тұқымдарын жеткізу. Айта кетерлік бір жағдай өткен  «коронадағдарысы» кезінде бұл сала ешқандай да зардап шеккен жоқ. Бұл жағдай Қазақстан фермерлерінің озық агротехнологияларға, оның ішінде жоғары өнімді егіске арналған материалды пайдалануға қызығушылығының артқанын көрсетеді. Өткен жылы, мысалы, «Б-Агро» шығарған күнбағыс тұқымдары жалпы алғанда 50 мың гектарға жуық алқапқа егілді.

Фотода Данил Воропай

- Өткен жылдары, 2020 маусымда жүргізген жұмыстарымыз өз жемісін бере бастады, - деді «Б-Агро» компаниясының директоры Данил Воропай. Біз негізінен дақылдардың, күнбағыс пен жүгері тұқымдарын сатудың өскенін байқадық. Бұл үрдіс биыл да жалғасуда. Сонымен қатар, біз жаңа дақылдарға  деген қызығушылықтың артқанын байқаудамыз. Біріншіден, бұл көпжылдық өсімдіктер, оған сұраныс өте жоғары. Бұл бірнеше себептерге байланысты. Негізінен - мал шаруашылығы дамып, жемге деген сұраныстың өсуімен байланысты болуда.

Екінші фактор - мемлекеттің ауылшаруашылық жерлерін, оның ішінде космомониторинг арқылы тиімді пайдаланылуын бақылау жөніндегі әрекеттері әсер етуде. Пайдаланылмаған жері бар фермерлер бұл учаскелерді құр бос ұстамас үшін, оған бидай дақылдарын себуде.

Сонымен қатар, 2020 жылы ауа-райы құрғақ болып, фермерлер тұқым үшін сақтаған қорларын пайдалануға мәжбүр болған, соның салдарынан судандық шөп, жоңышқа, басқа да малға берілетін шөптердің тұқымы жетіспеген. Сөйтіп тұқым қорының шығынын толтыру қажет болған.

Тақырыпқа байланысты оқу: 2020 жылы жоғары сапалы тұқым  жеткізуші ТОП-50 компания

«Б-Агро» күнбағыс пен жүгері тұқымын Франциядан, Түркиядан және Ресейден әкеледі. Биыл компания жаңа нарықты игеруде, атап айтқанда мақта тұқымын Түркиядан әкеліп Оңтүстік Қазақстанда сата бастады.

Сонымен бірге, «Б-Агро» компаниясы серіктес фермерлердің көмегімен Қазақстанда тұқым өндіре бастады. Осылайша, жоңышқа тұқымдарын Канададан жеткізілуде, бірақ оларды Қазақстанда да өндіре бастады. Сондай-ақ, судандық шөп тұқымдарының Ресейлік сұрыптары да Қазақстанда өндірілуде.

-Біздің компанияның тұқым шығаратын серіктестері де бар, біздің тапсырысымыз бойынша, - деп түсіндірді Данил Воропай. Олар- күнбағыс - 200 га, сортты және буданды, жоңышқа - 200 га, судандық шөп - 200 га, бидай шөбі - 500 га.

Биыл да өнімдеріміз жақсы сатылуа. Сонымен қатар, компания басқа да аймақтарға шығуда. Мақта өсіретін Түркістан аймағы - соның бір мысалы. Сондай-ақ, жұмыс Павлодар, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарында жасалуда.

Ал АгроКараван қолдауы жайлы айтар болсақ, Данил Воропай бұл жобаны ауылшаруашылық нарығын зерттеу үшін де, озық агротехнологияларды фермерлерге таныстыру үшін де жақсы құрал деп санайды.

-Біз үшін АгроКараван жасап жатқан жұмысымызды көрсету үшін, біздің компанияның мүмкіндіктерін жариялау үшін қажет,-деп түйіндеді сөзін Данил Воропай. - Жалпы, мұндай жоба ауылшаруашылық саласын, осы ортаны біріктіретін, қайда және не болып жатқанын көрсететін керемет алаң болып табылады. Себебі барлық жердегі проблемалар шамамен бірдей болып келеді. Шығыс Қазақстан мен Қостанай облыстарының арасында әртүрлі қиындықтар болуы да мүмкін. АгроКараван арқылы біз биылғы егіс науқанында болып жатқан жағдайды толықтай көреміз деп ойлаймын,-деді ол.

 

Сергей Буянов

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.