Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
АгроДайджест — № 5 шығарылым
Қазақстанда дағдарысқа қарсы іс-шаралар жасау үшін қанша қаражат керек? Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігіне импорттың орнын алмастыру үшін қанша ақша қажет? Пандемия кезінде қазақстандық фермерлер неге жапа шегулері тиіс? Осы жаңалықтар туралы Ародайджестің жаңа шығарылымынан оқып біле аласыздар. Жаңалықтармен танысу үшін ыңғайланып жайғасыңыздар.
Қазақстанда дағдарысқа қарсы іс-шаралардың құны 4,4 трлн. теңге болды
Дағдарысқа қарсы шаралар жасау үшін жалпы 4,4 трлн. теңге, немесе 10 млрд доллар керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында берген бүгінгі мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып agrosektor.kz жазды.
Qoldau веб-платформасында субсидияларды бөлудің электронды жүйесіне өзгерістер енгізілді
Себебі кейбір фермерлер ақша алу үшін керекті субсидия мөлшерін алдын ала резервке қойған. Алайда кейбір фермерлердің қулықтарын, ақша жетіспегендіктен, әріптестері наразылық білдіріп, анықтауға көмектесті. Кейбір аграршылар тез арада өтінімді ресімдеген, бірақ оған қажетті құжаттардың барлығын жүктеп үлгермегендігі белгілі болды.
Субсидия –ауыл бизнесі үшін үміт және қиыншылық болып тұр
Қазақстанда АӨК-ті мемлекеттік тұрғыда қолдауды іске асыру жолдарының бірі -56 бағыт бойынша берілетін субсидиялау болып табылады. Ол қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері үшін қиын мәселенің бірі. Оған себеп субсидияларды бөлудің жолдары. Оның шарттары жыл сайын өзгеріп тұрады, тіптен кей уақыттары жылына үш ретте ауысқан кездері де болды.
Қазақстан Ауыл шаруашылы министрлігіне импортты ауыстыру үшін 100 млрд ақша керек
Қазақстанға азық-түлік бойынша импорт көлемін алмастыру процесіне демеу беру үшін 2020 жылы АӨК-ті субсидиялауға бюджеттен қосымша 100 млрд теңге бөлу қажет. Осылайша, саланы субсидиялаудың жалпы сомасы жоспарланған 293,9 млрд теңгеден 400 - ге дейін өсуі тиіс.
Топырақты өңдеудің нөлдік технологиясының жақтаушысы, жер мәселесін ойлаушы фермер-Рик Бибер Қостанай облысына келді.
Әлемдік бидайға сұраныс артқандықтан астық бағасы шарықтап тұр
Еуропалық астық дақылдарына деген сұраныс салдарынан, баға өсуде, атап айтқанда Алжир, Марокко. Аталған мемлекеттер бидайға нөлдік баж салығын 15 маусымға дейін ұзартуға шешім қабылдады. Хабарламада айтылғандай, Марокко ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейін бидайға импорттық баж салығын уақытша алып тастаған.
Пандемия ма? Қазақстандық фермерлер қиындыққа тап болды
Қазақстаннан жергілікті өнімдер тиелген көліктерді сыртқа шығармайды. Азық-түлік салынған жүк көліктері бір тәуліктен астам уақыттан бері Қазақстан-Ресей шекарасында өте алмай тұр. Шенеуніктер коронавирус пандемиясынан қорқып, ауыл шаруашылығы өнімдерін сыртқа шығаруға тыйым салу туралы шешім қабылдады, ал одан фермерлер зардап шегуде.
Қазақстанда ветеринар мамандығына тапшылық 7 мыңға жуық адамды құрайды. Елімізде кадр тапшылығы байқалады. Бұл мәселе туралы ветеринария ғылымдарының профессоры Ғайса Абсатиров мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстанда ветеринарлар ең төменгі жалақы алатын он мамандықтың қатарына жатады. Ғылым докторы бұл мәселені шешудің жолдарын ұсынды.