Деректер немесе компания бөліміндегі ақпаратты жаңарту үшін жаңартылған деректерді электронды пошта арқылы жіберіңіз info@eldala.kz
Арсен Жақашұлы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Шәуілдер ауылында дүниеге келген.
Білімі
1986-1992 жылдары – Арсен Жақашұлы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің экономист-саяси экономика оқытушысы факультетінде білім алды.
Карьерасы
1992-1993 жылдары – Халықаралық Азия-Қазақстан қорының шетелдік инвестициялар жөніндегі сарапшысы.
1993-1995 жылдары – BSB Bank бөлім бастығы, басқарма төрағасының орынбасары.
1995 ж. – «AZIZA» директоры.
1995-1996 жылдары – Арсен Жақашұлы Қазақстан Республикасы Эксимбанкінің Жобаларды талдау департаменті агроөнеркәсіптік кешен жобаларын басқару маманы.
1996-1997 жылдары – Казинтербанк ауылшаруашылық жобалары жөніндегі сарапшы.
1997-2001 жылдары – Қазақстан Республикасы Инвестициялар агенттігі департаментінің менеджері, бас менеджері, аға менеджері, директордың орынбасары.
2001-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алу комитеті мониторинг және талдау бөлімінің бастығы.
2002 ж. – Қостанай облысының экономика, сауда және кәсіпкерлік департаментінің директоры.
2004-2006 жылдары – Арсен Керімбеков Астана қаласы Экономика, сауда және кәсіпкерлік департаментінің директоры.
2007-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры.
2008-2010 жылдары – «Тобыл» ӘКК» ҰК Астана қаласындағы өкілдігінің директоры.
2010-2016 жылдары – «Қазагромаркетинг» басқарма төрағасының орынбасары.
2016 жылдан бастап – Арсен Жақашұлы «Біліктілік орталығы» ЖШС директорының міндетін атқараушы, кейіннен директоры.
2016-2017 жылдары – «Қазагромаркетинг» басқарма төрағасының кеңесшісі.
2017-2018 жылдары – «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК Мал шаруашылығы өнімдерін экспорттау департаментінің директоры.
2018 ж. бастап – Арсен Жақашұлы Қазақстанның органикалық өнімдерін өндірушілер одағының директоры.
Цитаталары
«Еуропаның Болгария, Румыния, Литва сияқты елдердің аумағында органикалық астықтың дамуын ынталандыра отырып, осы бағыттағы өз қажеттілігін мүмкіндігінше өтеуге тырысатыны жасырын емес. Осының нәтижесінде шетелдік өндірушілерге өздерінің органикалық астығымен Еуропалық одаққа кіру барынша қиынға соғады, өйткені ондағы өндіріс көлемі артып, бағасы түсіп қалды. Оған бізден астық жеткізу тиімсіз.» (2020 ж. сәуір)
«Біз ішкі нарықта жылқы етінен бастап балыққа дейін көптеген өнімдерді органикалық ретінде сертификаттай аламыз.» (2020 ж. сәуір)
«Онлайн саудаға көп сенім артып отырғанымыз жасырын емес. Елдің бәрі карантинде отырып алып, тамақты тапсырыс арқылы алып отырған қазіргі жағдай бұл сегменттің айтарлықтай өсуін көрсетті. Адамдар бұл форматтың ыңғайлылығын бағалайды және оны үнемі қолдана береді деп сенеміз. Органикалық өнімді сатып алушыға жеткізудің керемет мүмкіндігі. Сол үшін бізге тұтынушыға жеткізу ұйымдастырылатын қандай да бір қойма алу керек болып тұр.» (2020 ж. сәуір)
«Әзірше биопрепарат жеткізушілер үшін жаңа орын ашылды. Олардың көбісі бізге жүгінуде, біз одақ мүшелерінің тәжірибелік учаскелерінде кез-келген дақылдар бойынша қауіпсіздік пен тиімділікке тәжірибе жүргізуді ұсынудамыз. Артынан сынақ пен зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша препараттың қолайлылығы, оны қолданудың мағынасы туралы ұсыныс ресімдейміз.» (2020 ж. сәуір)
«Коронавирусқа байланысты өнімнің тазалығы Еуропаға жеткізілгеннен кейін тексерілетін болады. Індет шаруалардың жұмысын жеңілдетті десек те болады. Жаман жағы да жоқ емес, биылғы жылы егістік алқаптарын органикалық астыққа сертификаттағысы келетін шаруаларға, өз жоспарларын келесі маусымға дейін шегеруге тура келеді. Ештеңе етпес, егіндері піскенше дейін уақыт бар. Ал біз кеңес беріп қана қоймай, саланың қыр-сырларын түсіндіреміз.» (2020 ж. сәуір)
«Органикалық егіншілік – бағбандар көңге өсіріп жүрген нәрсе емес. Ол жоғары білікті кадрлар мен ғылыми сүйемелдеуді қажет ететін дамыған сала. Сондықтан нағыз органикалық заттар қымбатқа түседі. Мәселен, Мәскеуде органикалық сүттің литрі 1000 теңге тұрады. Бұл әдеттегіден 4 есе қымбат.» (2019 ж. маусым)
«Елде өндірілетін органикалық заттардың бүкіл көлемі шетелге кетеді. Бұл жылына шамамен 10 миллион доллар. Алайда экспорттың пайдасына байқалатын елеулі қиғаштық саланы дамытудың тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермей отыр. Әлемдік тәжірибе нарықтағы әртүрлі қатерлерге жол бермеу үшін жергілікті маркетингтің қажет екенін айтады. Қазір қазақстандық органикалық заттар негізінен Еуропаға жөнелтілуде, ал ол жақта жыл сайын өндірушілерге жаңа талаптар қойылады, сұраныс құрылымы өзгереді, бағаның ауытқуы орын алып, логистикаға қатысты мәселелер туындайды. Өндірушілерге жергілікті өткізу түріндегі баламамен жұмыс істеу әлдеқайда жеңіл болар еді.» (2019 ж. маусым)
«Әлемдік тәжірибе елдегі органикалық нарықтың дамуы басталған кезде өнімнің бағасы стандарттағыдан 2 есе ерекшеленгенін көрсетті. Ол біртіңдеп түседі, ақыр соңында 20-25% үстеме бағаға жетеді. Бірақ осы баға шегі де біз үшін әлі де жоғары екеніне көз жеткіздік.» (2019 ж. маусым)
«Органикалық өндіріс туралы заңның күшіне енгеніне 2 жылдан асты және 2016 жылы органикалық қолшатыр брендін дамыту туралы шешім қабылданды. Жүргізілген барлық зерттеулерге қарамастан, сертификатталған жердің аумағы және операторлардың саны әлі белгісіз. Сондықтан жақын арада нақты жер банкін құру және органикалық нарық операторларын анықтау жоспарланып отыр.» (2018 ж. қараша)