Жексембиев Азамат Әбдіхамитұлы

Жексембиев Азамат Әбдіхамитұлы

Басшы
597
Жасы: 42 жаста

Facebook-тегі профилі.

Білімі

Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-де (бұрынғы ҚазГАУ, Нархоз) білім алды.

Алматы экономика және статистика академиясында оқыды.

European University Montreux-де Doctor of Business Administration (DBA) білім алды.

Карьерасы

2018 ж. 16 желтоқсанынан бастап — «Эко Ферма 2015» қаржы директоры.

Цитаталары

«2017 жылдан бастап біз Ақтөбеде NGS испан технологиясын қолдана отырып, бақшаға арналған құлпынай өсіру жобасын жүзеге асыруды бастадық. 2018 және 2019 жылдары технологияны енгізіп, жылыжай кешенін салдық. 2020 жылы толықтай жоспарлаған мөлшерге жетеміз деп ойладық, бірақ COVID-19-дың таралуына байланысты өзгерістер енгізілді. Қиындықтарға қарамастан, жұмысымызды тоқтатқан емеспіз.» (2020 ж. маусым)

«Біз жидектерді өсіру технологияларын қарастырдық, әсіресе сорттарды мұқият зерттеп, біз үшін қай технология қолайлы болатындығын шешу мақсатында әртүрлі елдердің сарапшыларымен кездестік.», - деді Азамат Жексембиев. (2020 ж. маусым)

«Бастапқыда жылыжай саласында инновациялық технологияларды енгізумен – жабық топырақта жидектер өсірумен айналыспақшы болдық. Еуропалық нарықты зерттей отырып, әдетте, жыл бойы сұранысқа ие, ал қыс пен күзде Қазақстаннан тыс импортталатын  құлпынайға тоқтады. Осылайша, кәсіпкерлер ең алғашқылардың бірі болып құлпынай өсіруді қолға алды.» (2020 ж. қаңтар)

«Өндірісті енді ғана бастағанымызбен, шамамен 7-8 тонна жинап үлгердік. Келесі жылдан бастап біз толық циклге жетуді, 100 тонна жинауды, ал екі жылдан кейін жылына 200-250 тоннаға жетуді жоспарлап отырмыз. Жылыжай жылына бақандай 9-10 ай жұмыс істейді. ТМД-да мұндай жобалар жоқ, ал Еуропада бес-алтауы бар. Жылыжайда екі қабатты түтіктер қолданылады. Осындай бірегей испан технологиясы әр гектардан көп өнім алуға мүмкіндік береді, сондай-ақ әр гектарға көбірек құлпынай орналастырылады. Дәстүрлі тәсілмен әр гектардан 10-12 тонна жиналса, онда біз 100 тонна жинаймыз. Климатымыз Калифорния климатына ұқсас болғандықтан, сол жақтан ұзақ гүлдейтін, жыл бойы өнім алуға мүмкіндік беретін жаңа сорттар әкеліп отырмыз.» (2019 ж. қазан)

Деректер немесе компания бөліміндегі ақпаратты жаңарту үшін жаңартылған деректерді электронды пошта арқылы жіберіңіз info@eldala.kz

Ашық көздерден дайындалған
Жаңартылды 27 сентября 2021