Деректер немесе компания бөліміндегі ақпаратты жаңарту үшін жаңартылған деректерді электронды пошта арқылы жіберіңіз info@eldala.kz
Дамир Қалдыбаев Қарағанды облысы Ростовка ауылында дүниеге келген.
Дамир Қалдыбаевтың білімі
2003 ж. – Дамир Қалдыбаев Ростов орта мектебін бітірді.
2003-2007 жылдары – «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде оқыды.
2007-2009 жылдары – Дамир Қалдыбаев «Құқықтану» мамандығы бойынша Қарағанды экономикалық университетінде оқыды.
2017-2019 жылдары – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Агрономия» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Дамир Қалдыбаевтың карьерасы
2011-2013 жылдары – «Агро-Думан» ауылшаруашылық кәсіпорнында жоба менеджері.
2013 ж. сәуір-2014 ж. қаңтар – Казагромаркетингтің Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры.
2014-2016 жылдары – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің» бас менеджері.
2016-2018 жылдары – «А.Христенко атындағы Қарағанды ауылшаруашылық тәжірибе станциясының» дағдарыс менеджері.
2018 ж. мамырынан бастап – Дамир Қалдыбаев «Қарабалық ауылшаруашылық тәжірибе станциясы» (АШТС) кәсіпорнының директоры болып тағайындалды.
Тақырып бойынша оқыңыз: Қазақстанда құрғақшылық қайталанбайды
Цитаталары
«Мен әрқашан білімге құштар болдым. Маған мектептің соңғы бес класын ауылымнан жеті километрде орналасқан Ростовка ауылында оқуға тура келді. Күн сайын мен білім үшін жеті километр жолды жүріп өтетінмін.» (2019 ж. ақпан)
«Екінші дипломға ие болысымен туған ауылыма қайтып оралдым. Сол жерде мен әкеммен бірге шаруа қожалығында жұмыс істедім. Оның арқасында мен аграрлық және ауылшаруашылық ісін бүге-шегесіне дейін біліп, үлкен тәжірибеге ие болдым.» (2019 ж. ақпан)
«Ауыл шаруашылық тәжірибе станциялары – бұл аграрлық және мал шаруашылығы саласындағы инновациялық технологияларды өңдеумен айналысатын ғылыми станциялар. Мені тағайындаған кезде, ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы залалды күйде, банкроттық шегінде еді. Бірақ табанды еңбек пен ықпалды шаралардың арқасында мен көрсеткіштерді нәтижелі түрде көтеріп, станцияны 9 300 000 теңгелік таза түсімге жеткізе алдым.» (2019 ж. ақпан)
«Осы өңірге пайда әкеле аламын ба, өз тәжірибем мен білімімді жеткізе аламын ба деген сұрақтар мазалайды.» (2019 ж. ақпан)
«Тұқымды арзандатуды субсидиялау жүйесі қандай болмасын жағдайда шағын және орта шаруалардың сапалы тұқым алуын ынталандырмайды.» (facebook, 2020 ж. ақпан)
«Жылдан жылға «қоқысқа» ұқсас тұқым сеуіп келе жатқан өсімдік шаруашылығын қолдауды сөз етіп отырғандар шамалы.» (facebook, 2020 ж. ақпан)
«Тұрақты егін үшін пісетін мерзімдері бойынша егістік үлесін дұрыс анықтап алу маңызды.» (2020 ж. сәуір)
«Тыңайтқыш қамбарыма жеткізілмейінше алаңдап бітем» (2020 ж. сәуір)
Тақырып бойынша оқыңыз: Қостанай облысы егін жинауды төрттен бірге арттырады деп күтілуде