Закарьянов Төлеген Қабыкенұлы

Закарьянов Төлеген Қабыкенұлы

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» басқарушы директоры, Басқарма мүшесі
443
Жасы: 63 жаста

Facebook-тегі профилі

Ақмола облысының тумасы

Білімі

1983 ж. – «Құқықтану» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік  университетін аяқтады, біліктілігі – заңгер.

2006 ж. – «Экономика» мамандығы бойынша С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетін аяқтады, біліктілігі – экономика бакалавры. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Карьерасы

1983-1985 жылдары – Кеңес әскерінің қатарында борышын өтеді.

1983-1991 жылдары – ІІМ және Прокуратура органдарында түрлі лауазымдарда қызмет етті.

1991-2002 жылдары – коммерциялық құрылымдарда басшылық лауазымдарда болды.

2002-2007 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімі.

2007-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.

2008-2010 жылдары – Павлодар облысы әкімінің орынбасары.

2009-2010 жылдары – «Ертіс» ӘКК»ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

2010-2012 жылдары – «Москворецкое» ЖШС бас директоры.

2012-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Аймақтық даму комитеті төрағасының орынбасары.

2013-2013 жылдары – Қазақстан Республикасының Бірінші Премьер-Министрінің кеңесшісі.

2013-2014 жылдары – Петропавл қаласының әкімі.

2014–2015 жылдары – «Москворецкое» ЖШС бас директоры.

2015-2015 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті шаруашылық басқармасының «Автошаруашылық» РМК директоры.

2015-2015 жылдары – «Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

2015-2018 жылдары – «Астана қаласының коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

2018-2019 жылдары – Астана қаласы «Есіл» ауданының әкімі.

2019 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары – «Москворецкое» ЖШС Нұр-Сұлтан қ. аймақтық директоры.

2019 ж. желтоқсаннан бастап – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» басқарма мүшесі.

Наградалары мен атақтары

2003 ж. – «Ерен енбегi үшiн» медалі.

2015 ж. – «Құрмет» ордені.

2018 ж. – «Астананың 20 жылдығы» мерейтойлық медалі.

Отбасы

Үйленген, екі баласы бар.

Деректер немесе компания бөліміндегі ақпаратты жаңарту үшін жаңартылған деректерді электронды пошта арқылы жіберіңіз info@eldala.kz

Ашық көздерден дайындалған
Жаңартылды 27 сентября 2021