2020 жылдың басынан бері Краснояр өлкесінен 9 мың тонна рапс сатып алынды

2020 жылдың қаңтар-ақпан айында Қазақстан Республикасы Краснояр өлкесінен 9 мың тонна рапс импортқа алды-деп жазды «КазахЗерно.kz».

2019 жылы аталған дақылдың жеткілікті мөлшерде өнім жиналмағандығына байланысты Республика рапсты сатып алуға мәжбүр болып отыр.

Айта кетсек, қырыққабат күйесінің зиян келтіруінен рапс өніміділігі Республикада 2019 жылы 230 мың тоннаға немесе 30%-ға төмендеп отыр. Нәтижесінде көптеген шаруашылықтарда рапс егіс алқаптары есептен шығарылып, жарамсыз болды. Ал алынған өнімнің өзіндік құны өсіп, шығын келтірді.

Сонымен қатар,  Strategie Grains сарапшыларының бағалауы бойынша, 2020 жылы Еуропалық Одақта рапс өндірісі 19 млн тоннаға дейін төмендеуі  мүмкін, себебі құрғақ ауа райы егіс жұмыстарына кедергі келтіріп, аталған дақыл алқаптарының  қысқаруына алып келді.

ЕО-да рапс өнімінің мөлшері  2020/21 жылдары ғана қалпына келеді,  бірақ жиналатын 19 млн тонна  көлемі 2019 жылғы сәтсіз болған өнімнен 16,9 млн тоннадан асады, 2018 жылы жиналған 20 млн тонна мөлшерінен төмен болады, деп күтілуде.

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.